Оқу орындарымен меморандумға қол қойылды

Аймақтар
30.01.2026, 08:30
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Теміржол саласын орта буын арнайы мамандармен қамтамасыз етіп отырған Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Алматы ALT университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Теміржол саласына кәсіби мамандар даярлауда еліміздегі жетекші оқу орнының бай тарихы мен базасы бар, ғасырға жуық тәжірибесі қалыптасқан. Кезінде Түркістан-Сібір темір жолы дирекциясының бастамасымен Ташкент қаласында орналасқан Орта Азия теміржол көлігі инженерлері институтының филиалы ретінде құрылғаны белгілі. Содан бергі уақыт ішінде Қазақстандағы көлік саласына бағытталған инженерлік білім берудің негізіне айналған осынау тарихы бай , көлік саласын жүйелі түрде жаңғырта алатын, инфрақұрылымдық жобаларды дамытатын және елдің орнықты дамуына қатысты кешенді мәселелерді шешуге қабілетті жаңа буын инженерлерін, логистерін және менеджерлерін даярлап отырған жоғары оқу орнымен өзара ынтымақтастық орнату – Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі үшін үлкен мүмкіндік.  

– М.Тынышбаев атындағы ALT университеті – көп салалы жоғары оқу орны. Магистратура, докторантураны айтпағанда, бакалавриаттың 8 бағыты бойынша 44 білім беру бағдарламасымен мамандар даярлайды. Ынтымақтастық туралы меморандум аясында енді біздің студенттеріміз аталған оқу орнының лабораториялық базасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Сондай-ақ теориялық және тәжірибелік тұрғыда білімдерін жетілдіруге жол ашық, – дейді Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жеңіс Тайбеков.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды