Түрксіб саябағындағы серуен

Аймақтар
27.03.2026, 08:28
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбылдық теміржолшылар Тараз қаласы Түрксіб саябағындағы шағын этноауылда ізгілік пен еңбек мерекесі – Ұлыстың ұлы күнін ұлттық ғұрыптық дәстүрлерге сай сән-салтанатпен атап өтті.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалы және Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты құрылымдық мекемелер ақшаңқан алты киіз үй тігіп, наурыз көже, бауырсақ пісіріп, теміржолшыларға арнап ақ дастархан жайды.  

Ән әуелеп, күй күмбірлеген этноауылдағы Наурыз тойын бесікке салу, тұсаукесер, беташар дәстүрлерін жаңғыртып, көрініс көрсеткен ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану, ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив пайдалану депосы мен ЭЧ-21 Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкерлері қыздыра түсті.  

Жігіттер жағы арқан тартыста кім мықтыны анықтаса, ерлер мен әйелдер арасындағы қол күресте бәсеке қыза түсті. Тоғызқұмалақ жарысы да тартысты өтті. Ұлттық спортты ұлықтаған теміржолшылар мен жеңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталып, кәсіподақ ұйымының атынан сый-сияпатқа ие болды.  

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов пен «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев Тараз қалалық көпса лалы балалар ауруханасының «Қамқор» оңалту орталығындағы балалардың тұсауын кесті. Қамкөңіл аналардың көңілін көтеріп, ем алушы бүлдіршіндердің болашағы жарқын болсын деген үміт-ниетпен ұйымдастырылған тұсаукесер рәсімінде Наурыз мейрамына сыйлықтар тарту етті.  

– Оңалту орталығы атауының өзі айтып тұрғандай, мұнда келіп, ем қабылдайтын балалар, олардың ата-аналары да қоғамнан қамқор көңіл күтеді. Балаларымыз денсаулығы түзеліп, қатарға қосылып кетсе деп үміт етеді. Наурыз мерекесінде тұсаукесер рәсімін өткізуі осындай үлкен арманмен жалғасып жатыр. Сондықтан «Қамқор» оңалту орталығының шақыруын қабыл алып, бүлдіршіндерді қуантқымыз келді, – деді Айдын Пайзылдаұлы.  

Мерекелік іс-шаралар Жамбыл жол бөлімшесіндегі мәжіліс залында жалғасын тауып, Ұлыстың ұлы күніне орай бір топ теміржолшыларды марапаттау рәсімі өтті. Ал кешке қарай Түрксіб саябағындағы жаппай серуенге ұласты.  

 

Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты