Сәні мен салтанаты жарасқан

Аймақтар
27.03.2026, 08:35
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы Наурыз мерекесі барлық теміржол мекемелерінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық рух пен дәстүрдің жарқын көрінісіне айналды.

Әсіресе Қандыағаш жол дистанциясы, Қандыағаш локомотив депосы, Никельтау жол дистанциясы мен Дөң станциясында өткен іс-шаралар ерекше атмосферасымен есте қалды. Ұлттық киім киген теміржолшылар мерекенің сәнін кіргізді.  

Алға вокзалында жолаушылар мен жолсеріктерге перронда бауырсақ таратылып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал Шалқар станциясында үлкен қазан асылып, наурыз көже пісірілді. 

Киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл шаралар теміржолшылармен қатар жолаушыларға да ерекше әсер қалдырды. Қандыағаш жол дистанциясының ақ дастарханы басында ізгі тілектер айтылып, үлкендер батасын берді. Ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, қазақ халқының қонақжайлығы мен кеңпейілділігі кеңінен насихатталды.  

Мереке күндері теміржолшылар қазақтың ұлттық киімдерінің сан алуан үлгісін паш етті. Сәні мен салтанаты жарасқан шапан, бешпент пен қамзолдар көздің жауын алып, әрбір қызметкер өз даралығын көрсетіп, ел бірлігі мен мәдени әралуандығын таныта білді.  

«Қазақтың киімі қарапайым әрі ыңғайлы, бірақ сонымен бірге өзінің мәнін, иесінің мәртебесін білдіреді. Ұлттық киім күні әркімге өз даралығын көрсетуге, еліміздің бірлігі мен мәдени байлығын таны- туға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің теміржолшылар бұл дәстүрге әрдайым құрметпен қарайды», – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Айша Қалағанова.  

Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық ойындарға да ерекше мән берілді. Арқан тарту, қол күрес, гир көтеру, қой көтеру сияқты сайыстар ұйымдастырылып, жығылған балуанға да бәйге берілген күн болды.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды