Маңғаз Маңғыстауда

Аймақтар
27.03.2026, 08:45
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Әрісі Орталық Азиямен, берісі Болашақ арқылы Түркіменстанмен шектесетін ұлан-байтақ аумақты алып жатқан түбек теміржолының түкпір-түкпірінде неше күн бойы түрлі іс-шараның көрігі қызды.

Магистральдық және жүк тасымалы бөлімшелерінің бас ғимаратында өткен «көрісуден» басталған дүбірлі той желі бойындағы теміржол мекемелерінде жалғасты. Білекті жігіттер боз кілемде күш сынасып, өнерлі аналар шеберлігімен жарысты. Келіндер жағы самаурынын қайнатып, көжесін әзірлеп, қонағына қаймақ қатқан шай құйды. Құрт, ірімшігін дайындап, алты қанат ақ үйде дастарханын жайнатты. Ер азаматтар ләңгі теуіп, асық ойнап, садақ атты, арқан тартты. Жастар жағы алтыбақан аясында сейіл құрып, атқа мініп, қыз қуу ойынына қатысты.  

Магистральдық желі бөлімшесі мен Жүк тасымалы бөлімшелерінің атынан Мұнайлы ауданының орталық алаңында үлкен үй тігіліп, келген қонақтар мен сала қызметкерлеріне қонақасы берілді. Бөлімшелердің басшылары, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары жиылған жұртшылықты құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді. Мұндай басқосулар Болашақ станциясында да жалғасты. Болашақтық теміржолшылар мерекені әнмен әрлеп, спорттық ойындар арқылы тартымдылығын арттыра түсті.  

Бейнеулік теміржолшылар да қалыспады. Ұлттық спорт түрлерінен жарысып, жол дистанциясының ғимаратында үлкен жиын ұйымдастырды. Дистанция тіккен үйді ұлттық үлгідегі бұйымдармен безендіріп, ақ жаулықты аналар ұршық иіріп, жастарға үйретіп, қолдан жасаған дүниелерін көрсетті. Ерлер жағы садақ атып, түрлі ұлттық ойындар ойнап жарысты.  

 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?