Ақтөбе теміржолшылары су тасқынына дайындықты күшейтті

Аймақтар
02.04.2026, 16:54
Оқуға 1 мин
Сурет: ҚТЖ
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде магистральдық желі бөлімшесі көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті. Айдың басында арнайы штаб құрылып, қауіпті нысандарда тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған.

Магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзиннің айтуынша, су тасқынына қарсы жедел жоспар бекітіліп, штаб жұмысқа кіріскен. Штаб құрамына бөлімшенің барлық басшылары кіріп, дайындық жұмыстары тұрақты бақылауға алынған.  

«Қазіргі таңда теміржол инфрақұрылымына жақын 12 су қоймасы мен бөгеттер тексерілді. Су өткізу жүйелері тазартылды. 370 көпір, 778 құбыр, 230,6 шақырым кювет және ондаған шақырым су ағатын арналар ретке келтірілді»,– деді Б. Хамзин.  

Тасқын суының өтуін қамтамасыз ету үшін 6 арнайы пойыз жасақталып, 32 вагон қажетті материалдармен қамтамасыз етілген. Бұған қоса, 53 нүктеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, байланыс пен жарық жүйелері орнатылған. Теміржол бойында су деңгейін өлшеу жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлерге төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер бойынша нұсқаулықтар қайта түсіндірілген. Бүгінгі таңда төніп тұрған қауіп жоқ деуге болады. Бірақ, теміржолшылар арқаны кеңге салуға әлі ерте деп қырағылықты бәсеңдетпей отыр.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды