Ертіс жағалауындағы сенбілік

Аймақтар
07.04.2026, 08:15
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен сенбі күні «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясына қарасты барлық ұжымдар тобы арасында бастау алған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына шығыстағы теміржолшылар да үн қосты.

«ҚТЖ – 100 жас есім» жобасының жеңімпазы, қоғам белсендісі, Семей станциясының бас инженері Бекзат Кәрімханов бастаған жастар қауымы бұл күні Семей қаласының іргесіндегі тарихи мекен – Затон аумағындағы Ертіс жағалауында сенбілік өткізді. Ертістің бойы ен тоғай, ен тоғайдың ішінде үлкенді-кішілі бұлақтар мен бастау-көздер бар. Көпшілігі қоқыс басып, құм көміп, тартылуға таяп, сыз тартып жатыр. Жас теміржолшылар міне, осынау аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, біттелген бұлақ көздерін ашып, өзен жағасынан қапқап күл-қоқыс шығарды.  

Іргелі шараға теміржолшылар керек-жарақтарын алып, толыққанды даярлықпен келді. Арнайы эколог маманның жетекшілігімен техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жұмыс жүргізген жастар қауымы таңнан кеш батқанға дейін ауқымды жұмыс жасады.  

– Бүгінгі өткізілген шара алдағы экологиялық тазалық шараларының бастамасы ғана. Алдағы сенбі күні желі бойына, белгіленген аумақтар бойынша сенбіліктер өткізетін боламыз. Ал, «Мөлдір бұлақ» эко-акциясы жыл бойына жүргізілетін болады. Жасыл орманы, өзен-көлдері мен бұлақ көздері көп біздің аймағымыз үшін бұл өте керекті әрі дер кезінде қолға алынған шара болып отыр. Ол бағытта арнайы жоспар әзірленіп жатыр, – дейді Жастар ұйымының төрайымы Арайлым Қосанова.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды