25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Жаз маусымына дайындық бағаланды

Аймақтар
22.05.2026, 09:15
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жаз маусымына дайындық деңгейін бағалау жай мәселе емес. Пойыздар қозғалысының, техника және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, еңбекті қорғаудағы түйткілдердің назардан тыс қалмауы – алдағы жұмыс нәтижесінің кепілі. Көктемгі комиссиялық тексеру осыны анықтауға мүмкіндік береді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалына қарасты құрылымдық бөлімшелерінде көктемгі комиссиялық тексеру барысында жазғы маусымға дайындық кезінде ескерілуі тиіс кейбір талаптардың өз деңгейінде орындалмағаны мәлім болды. Айқындалған кемшіліктерге қатысты локомотив шаруашылығы бойынша – 162, жүк тасымалы шаруашылығына қатысты – 46 және еңбекті қорғау мәселесіне байланысты 62 ескерту жасалды.

Бұл туралы көктемгі комиссиялық тексерудің қорытындысы сараланған жиында айтылды. Жамбыл, Шу локомотив пайдалану деполары және Шу, Тараз, Түрксіб агенттік пункттерінде пойыздар қозғалысы және еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру және өндірістегі жарақаттанудың алдын алу, еңбекті қорғау жұмыстарын үйлестіруде, жеке нормативтерді орындау кезінде кемшіліктерге жол берілген. Аталған құрылымдық бөлімшелердің орта буын басшылары қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қауіп-қатердің алдын алу бағытындағы жұмыстарды тиімді жоспарламаған. Инфрақұрылымның, жылжымалы құрамның ағымдағы жай-күйін талдау, өндірістік-техникалық объектілерді, техникалық құралдарды және олардың құрамындағы ауытқуларды дер кезінде анықтамаған. Өрт қауіпсіздігін сақтаудағы талаптарға жеткілікті деңгейде назар бөлінбепті.  

Сондай-ақ қызметкерлерді кәсіби даярлау, жұмысшыларды техникалық оқуға жіберуді рәсімдеуде және техникалық құжаттаманы сапалы жүргізуде, Жамбыл локомотив пайдалану депосында қауіпсіздіктің алдын алу жөніндегі шаралар кешенінің орындалуын тексеру барысында бұзушылықтардың қайталануына жол берілген. «Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ерекше жұмыс режиміне» көшу кезінде мынадай талаптардың орындалмағаны белгілі болды. Мәселен, Тараз және Қаратау станцияларында 4-тармақ бойынша ауысым алдында және одан кейінгі медициналық тексеруден өту актілері жоқ.  

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағытында да бірқатар бұзушылықтар анықталып отыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, арнайы киім беру, экологиялық қауіпсіздік нормалары, метрологиялық қамтамасыз етуде қауіпті әрекеттерге жол берілген.  

Филиал басшылығы «Адам жолда!» акциясының қорытындысы бойынша мәселенің өзектілігін ескере отырып, филиал учаскелерінде, әсіресе локомотив бригадаларында жұмысты күшейту қажеттігін ескертіп отыр. Себебі Жамбыл облысы бойынша 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижесінде 10 бұзушылық тіркелген. Оның 7 жағдайы магистральдық желі бөлімшесіне қарасты құрылымдарға тиесілі.  

Комиссия мүшелерінің айтуынша, бекітілген кестеге сай Түлкібас – Тараз, Тараз – Жаңатас, Отар – Шу, Шу – Түрксіб, Түрксіб –Тараз, Мойынты – Сарышаған, Сарышаған – Шығанақ, Шығанақ – Шу учаскелерімен бірге 23 жүк станциясы тексерілген. Қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз етілуі, техникалық құжаттамалардың, жедел журналдар мен кітаптардың, бланкілердің толтырылуы, техникалық сабақтарды өткізу, жұмыс үй-жайларын ағымдағы күтіп ұстау мәселелері назарға алынған. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл бағытта алпыстан аса кемшілік анықталып отыр.  

Жиында бұзушылықтар анықталған құрылымдық бөлімшелердің басшылық құрамы мен жауапты мамандарына тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылданды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалының бас инженері Дүйсенбек Сыдықов жауаптыларға тартқыш жылжымалы құрамды көктемгі-жазғы құрамға дайындауды қамтамасыз ету, тасымалдау, шаруашылық жұмыстарды орындау, бекітілген жоспарларға сәйкес уақытылы және сапалы тексеріс жүргізу, локомотив бригадаларына, агенттік қызметкерлеріне техникалық сабақтар өткізу міндеттелетінін атап өтті. Сондай-ақ қолданыстағы нұсқаулықтарды, нормативтік құжаттарды зерделеу жөніндегі тармақтарды ескеріп, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен күзетін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, еңбек, өрт қауіпсіздігі, инфрақұрылым объектілерін ұстау керектігі ескертілді.  

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде