Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі

Аймақтар
29.05.2026, 08:48
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бөлімшенің солтүстігіндегі Сексеуіл – Қоскөл және Қазалы – Сексеуіл – Жосалы учаскелерінде күндіз-түні бел жазбай еңбектеніп жатқан теміржолшылар қатарын Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясы да толықтырады.

Теміржолдың электр шаруашылығында қызмет ету – сырт көзге қарапайым көрінгенімен, іс жүзінде әр секунд сайын жоғары кернеу мен өмірге қауіп төндіретін тәуекелдермен тікелей байланысты өте қатерлі мамандық. Мыңдаған вольттық кернеуі бар әуе желілерінде, биік тіректерде, кез келген ауа райының қолайсыз құбылыстарына қарамастан жұмыс істеу тек жоғары шеберлікті ғана емес, сонымен бірге темірдей тәртіп пен қырағылықты талап етеді. Сондықтан дистанцияда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Жолда адам» айлығы аясында бақылау барынша күшейтілген. Қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, 150 адамның арнайы киімдер мен қорғаныс құралдарын талапқа сай пайдалануы жіті қадағаланады. Мұндағы басты мақсат – өндірістік жарақаттың алдын алып, әрбір жұмысшының үйіне аман-есен оралуын қамтамасыз ету. Қысқасы, тоқ көзімен жұмыс істеу барысында титтей де қателікке немесе салғырттыққа жол бермеу үрдісі қатаң сақталған.  

Осынау қауіпті аймақтағы қажырлы еңбектің нәтижесін сөз етсек, Төретам – Қазалы – Сексеуіл – Қоскөл аралығындағы 10 кВ ПЭС, ДЦ, АБ және ПЭ желілерінің 47,2 шақырымына жоспарлы жөндеу және профилактикалық жұмыстары сәтті жүргізілген. Мұнымен қоса, 1 км АС-35,50 маркалы сым ауыстырылып, 5 дана 10кВ ажыратқыш жаңартылды. 2 км 0,4кВ әуе желілері жөнделіп, желі бойындағы қауіпті аймақтардан 0,5 км ағаш-бұталар тазартылды. Техникалық тұрғыдан аса күрделі саналатын 95 дана 10кВ ПЭС әуе желісінің оқшаулағыштары ауыстырылып, 186 дана жерге қосу құрылғысы тексеруден өтті. Сондай-ақ кабельдік жүйелер де назардан тыс қалмай, 0,4кВ әуе желісінің 0,2 км мен 10кВ әуе желісінің 0,1 км жер асты кабелі жаңартылып, 15 дана темір траверс пен 5 дана темірбетон тірегі ауыстырылды. Қосалқы станциялардағы 133 күштік трансформаторлар мен ажыратқыштарға техникалық қызмет көрсетіліп, 95 дана ұяшықтың релелік қорғаныс және автоматика құрылғылары сынақтан өткізілді. Бұл атқарылған шаралардың барлығы – құрғақ есеп емес, жүйенің сенімділігін арттырып, апаттық жағдайлардың алдын алуға бағытталған нақты істер.  

Бұл жұмыстар электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға және апаттық жағдайлардың алдын алуға бағытталған.  

Еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмысшы-қызметкерлерге тиісті нұсқаулықтар өткізіліп, 150 адам арнайы киімдер мен қорғаныс құралдарының талапқа сай пайдаланылуы ұдайы қадағаланады. Өндірістік жарақаттың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізіледі.  

– Біздің кәсіп – қауіпті де қатерлі. Төрт айдың қорытындысы бойынша жоспарлы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалып, теміржол саласын сенімді электрмен қамтамасыз ету міндеті толық жүзеге асырылды. Осы бағытта кәсіби міндетін мінсіз атқаратын аға электромеханиктер А. Досмағамбетов, К. Құрманалиев, электромонтер М. Ағасиловтың еңбектерін ерекше атап өткім келеді, – дейді дистанция бастығы Асқар Алмағанбет.  

 

Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты