Дарынды жүз бала қатарында

Аймақтар
05.06.2026, 08:50
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік саясаты аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай компания қызметкерлерінің балаларын қолдауға бағытталған бірқатар іс-шаралар іске асырылып, көп балалы отбасылардан шыққан теміржолшылардың 100 дарынды баласы Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Солардың қатарында атыраулық Ақерке Бақытбекқызы да бар. 2017 жылы 30 наурыз күні Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылында дүниеге келген Ақерке 6 жасында жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебіне барып, қазіргі уақытта аталған мектептің 3 «А» сыныбында оқиды. Ақеркенің сабақ үлгерімі жақсы, жыл сайын «оқу озаты» атанып, мектеп мақтанышына айналып келеді. Әсіресе математика және қазақ әдебиеті пәндеріне қызығушылығы жоғары. Сабақтан тыс уақытта ағылшын тілі үйірмесіне қатысады, кітап оқығанды, би билегенді жақсы көреді.  

Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломын, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының І орын жүлдесін, «SAMURYQ» өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен өткен V республикалық балалар арасындағы «Altyn kuz 2023» байқауынан Сурет номинациясы бойынша 1-орынды, осы байқаудан мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 2-орынды жеңіп алған. Сонымен қатар Астана қаласы «Оқу – ағарту» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ғажайып математика» онлайн байқауының жеңімпазы. Бастауыш сыныптарға арналған ІІ Республикалық «Мың бала-2024» олимпиадасында ІІ орынды иеленді. «Book волонтер» жобасына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектепішілік «Зерде» ғылыми жобасына қатысып, 1-орынды, дәл осы жобаның аудандық кезеңінен 3-орынды иеленген.  

Амангелді Ақерке теміржолшылар династиясында дүниеге келген. Атасы Ұзахов Амангелді – теміржол саласының ардагері, ПЧ-9 мекемесінде жол монтерінен бастап, жол шебері, учаске бастығы лауазымдарында 44 жыл еңбек етті. Әкесі Ұзахов Бақытбек теміржол саласында 16 жылдан бері қызмет етіп келеді, ШЧ-8 мекемесінде СОБ электромеханигі лауазымында 12 жыл, «Жол Арна» ЖШС-де қазірге дейін СОБ электромеханигі қызметін атқарып келеді. Анасы Қойтанова Сымбат 2015 жылдан бері Атырау сигнализация және байланыс дистанциясында БАЗ Аққыстау аға электромеханигі лауазымын атқарып келеді.  

Дарынды балаға Компания басшысының Алғыс хаты мен велосипед тарту етілді.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды