25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды

Аймақтар
17.07.2026, 09:03
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорданың солтүстігіндегі Сексеуіл тораптық станциясында шілденің шіліңгір ыстығында да қайнаған қызу жұмыс. Тәуліктің қай мезгілі болса да, тепловоздардың үздіксіз сигналы мен вагондардың тарсыл-гүрсілі бір тынбайды. Әрине бұл кез келген станциядағы теміржолдың күнделікті дағдылы жұмысы десек те, оның ар жағында теміржолшылардың жанкешті еңбегі жатыр.

Сексеуіл станциясының бастығы Абдулхамит Тұрмантаев ұсынған бес айлық өндірістік көрсеткіштердің қай-қайсысына да көңіл тоғаяды. Биылғы жылдың мамыр айы сексеуілдік теміржолшылар үшін табысты болды. Жүк тиеу жоспары 49 вагон болып белгіленгенімен, межені 75 вагонға жеткізіп, жоспарды айтарлықтай асыра орындады. Ал бес айдың қорытындысында 111 вагонға жүк тиеліп, өндірістік көрсеткіштер мұнда да жоғары болды.  

Жүк түсіру жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Мамыр айында 674 вагонның жүгін түсіру жоспарланған болса, іс жүзіндегі нәтижеде 718 вагон өңделді. Статистикалық жүктеме де жоғарылаған. Мамыр айында ол 69 вагон-сағатты құраса, бес айдың қорытындысындағы көрсеткіш 64,8 вагон-сағат деңгейінде сақталып отыр. Ал бір жүк операциясы кезінде вагондардың бос тұру уақыты жоспардағы 5,1 сағаттың орнына небәрі 1,81 сағатқа дейін қысқарған. Бұл әрбір минуттың бағасын білетін теміржолшылар еңбегінің жемісі екені анық.  

– Сексеуіл станциясы – бірнеше бағытты тоғыстырған маңызды теміржол торабы. Мамыр айында ғана станцияға келген 349 пойыз құрамынан Арыс, Бейнеу, Шалқар және Жезқазған бағыттарына жөнелтілетін 17 481 вагон ажыратылып, қайта жасақталды. Ал бес ай ішінде бұл көрсеткіш 1 617 пойызға 80 386 вагон тіркелуімен нәтижеленген. Жалпы станция теміржолшыларының бәрі өз ісін жетік меңгерген теміржолшылар. Олардың нәтижелі жұмысы біздің ұжымның өндірістік әлеуетін айқындайды, – дейді станция бастығы Абдулхамит Тұрмантаев.  

Айтуынша, станциядағы маневр жұмыстарын үйлестіретін диспетчер Асхат Наукенов қозғалыс ырғағын бес саусақтай шебер меңгерген маман. Оның әр шешімі ондаған вагонның қозғалысына ықпал етеді. Ал станция кезекшісі Серік Мырзағұлов күн сайын жүздеген вагондар қозғалысын реттеп, жұмысын ұршықша иіріп отырады. Оның сенімді серігі, станция кезекшісі жанындағы оператор Гүлнұр Серікова да қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапты міндетті абыроймен атқарып келеді. Пойыз құрастырушылар Асылбек Есмамбетов пен Нұрсұлтан Әбибуллаев жылжымалы құрамдардың уақытылы жөнелтілуіне жауап береді.  

Парк кезекшілері Нұрдәулет Үдербаев пен Қайрат Мұқанов әр вагонның тұрған орнын, бағытын, міндетін жаңылмай айтып бере алады. Олардың қырағылығы мен тәжірибесі қозғалыстың үздіксіз жүруіне негіз болады. Ал мыңдаған вагондардың құжаттарын мұқият өңдеп, олардың қажетті бағыттарға дер кезінде жөнелтілуін қамтамасыз ететін құжат өңдеу операторы Венера Салмаева мен тауар кассирі Динара Жандәулеттің еңбегі де ерекше құрметке лайық. Көзге көріне бермейтін осы жұмыс дәл әрі нақты жасалмаса, теміржолдағы бірде-бір операция толыққанды жүзеге аспайтыны анық.  

Станция бастығының пікіріне біз де толық қосыламыз. Теміржолшы үшін жетістік тек санмен өлшенбейді. Әр вагонның уақытында жөнелтілуі, әр пойыздың қауіпсіз қозғалысы, әр тапсырманың мінсіз орындалуы – басты өлшем.  

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде