Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді

Аймақтар
08.09.2026, 09:25
Оқуға 2 мин
Сурет: Көліктегі полиция департаменті
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Оқиға Талас – Тараз учаскесінің 3516 шақырымында түнгі сағат 22.20 шамасында орын алған. Жас жеткіншек №2877 жүк пойызын тартып келе жатқан электровозға тас лақтырып, салдарынан теміржол көлігіне шамамен 500 мың теңге көлемінде материалдық залал келді.

Тіркелген факті бойынша Тараз станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, бұзақылықты 16 жастағы А. есімді жасөспірім жасағаны анықталған.  

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 202- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 43 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Келтірілген материалдық залалды өндіріп алу мақсатында жинақталған іс құжаттары азаматтық сотқа жолданды. Жас жеткіншектің ойынынан теміржол көлігіне зақым келіп, қаншама шығын әкелді. Ата-анасының қалтасына да салмақ салып отыр. Бұл жағдайдан үлкендер де, жасөспірімдер де сабақ алуы тиіс! Ата-аналарға күндіз де, түнде де балалардың теміржол маңында қараусыз жүруіне, пойыздарға тас және басқа да заттар лақтыруға тыйым салыңыздар деп ескертеміз, – дейді Тараз станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция аға лейтенанты Сералы Кембаев.  

Әрине кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылып, келтірілген залалды өтейді.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті