Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді

Аймақтар
09.10.2026, 08:51
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Мөлдір бұлақ» бағдарламасы бойынша теміржол бойындағы елді мекендер мен шаруашылықтарды сапалы ауыз сумен жабдықтауда ел шығысында қазіргі күнге дейін атқарылған жұмыстар аса ауқымды.

Желі бойындағы көптеген жол айрықтарындағы су беру нысандары күрделі жөндеуден өткізілсе, тағы бірқатар станцияларға су тұшытатын құрылғылар орнатылды. Жекелеген нысандарға құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, пилоттық жобалар сәтімен іске асырылды. Бірқатар станцияларда ауыз су модульдері орнатылып, енді бірі аудандық орталықтандырылған су жүйесіне қосылды.

Осындай еселі еңбектің нәтижесінде бүгінгі Семей теміржолы бойынша ауыз су төңірегінде өзекті проблема жоқ. Қазіргі негізгі қызмет – ауыз су сапасын назарда ұстап, сараптама жұмыстарын уақытында жүргізу.  

Бүгінде «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС бүкіл Семей өңіріне қызмет көрсетеді. Бауыржан Үмбетов басқаратын ұжым соңғы жылдары ауқымды жұмыс атқарды. Соның ішінде «Теміржолсу-Аягөз» мекемесінің Сырым Сағымбаев басқаратын Семей учаскесі бойынша да қыруар жұмыс жасалып, нәтижесінде «батыс» және «солтүстік» тармақ бойынша су тасымалы толығымен жойылды. Қазіргі күні семейлік сушылар нысандарды алдағы қысқа даярлау үстінде. Жұмыс жүйелі, қызмет тиянақты.  

«Су жеткізу – сауапты іс» дейді атам қазақ. Осы сауапты жұмыспен айналысып, талай жылдан бері маманданған сушылар ұжымы осыдан жиырма жыл бұрын бастау алған бағдарламаның алғы шебінде жүргендердің еңбегін ұмытпайды. Әсіресе «Теміржолсу» АҚ президенті болған марқұм Қуат Есімхановтың, «Теміржолсу-Павлодар» ЖШС директоры болған Махамеджан Ушурбакиевтің ерлікке пара-пар еңбектерін айтпай кетуге болмайды. Бұл азаматтар басшылық еткен жылдары Семей учаскесінде аңызға бергісіз атышулы жұмыстар жүзеге асырылды. Сол жылдары өндіріс шебері болған Бейбіт Баймолдаев, Сәбит Хамзин, Өміртай Рахмадиев, Қайрат Шаукенов сынды еңбектің қара нары атанған азаматтар барлық жұмыстың басы-қасында жүрді. Олармен үзеңгілес жүріп, қызмет атқарған бүгінгі басшы Сырым Сағымбаев ардагер ағаларымен әлі күнге дейін хабар алысып тұрады. Олардың қатарында бүкіл өмірін теміржол бойын суландыруға арнаған слесарь Серік Жұханов, сумен қамту шебері Қанат Дауылбаев, сушы Гүлнара Рихтер, жүргізушілер Федор Харитонов, Қанат Муслимханов, Марат Құрманғалиев сынды ардагерлерді де алғыспен атап өткенді жөн көреді.  

Бір ғана мысал, олар станцияларға орнатылатын су тұщыту модульдерін Семейдің өз басында құрастыруды алғаш жолға қойған еді. Осылайша, заманауи модульдерді сатып алу мен тасымалға жұмсалатын шығындар күрт азайған болатын. Қазіргі таңдағы атқарылып жатқан шараларға да осынау аға буынның қосар ақыл-кеңесі аз емес. Сумен жабдықтау сынды сауапты істің шебері болудың жауапкершілігі осындай. Ал мекеменің бүгінгі мамандары алдыңғы толқын ағалардың даңқты жолын абыроймен жалғастырып келе жатыр.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды