Ауырып ем іздегенше...

Аймақтар
15.11.2018, 11:58

Ағымдағы жылдың 1-2 қараша күндері Ақтөбе бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ филиалына қарасты Шұбарқұдық, Жем, Қандыағаш стансаларындағы атқыштар командаларының кызметкерлері арасында салауаттылыққа қатысты семинар-кеңес өткізді. 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Жол картасын іске асыру аясында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында өткен шара барысында Ембі, Мұғалжар және Темір аудандық орталық ауруханаларындағы дәрігер-мамандарының қатысуымен «Менингококкты инфекцияның профилактикасы», «Туберкулез ауруының профилактикасы», «АИТВ және ЖИТС ауруының профилактикасы», «Жүрек-қан тамырлар ауруларының клиникасы, диагностикасы, профилактикасы» және «Эпидемиологиялық маусымда асқынған және өлім жағдайларын болдырмау мақсатында ЖРВИ және тұмау ауруына қарсы егілудің маңыздылығы» тақырыптары кеңінен сөз болып, атқыштар командалары қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру, уақытылы скринингтік тексерістен өту қажеттілігі жөнінде дәрістер оқылды. 

Семинар-кеңестің негізгі мақсаты: көлікте қызмет атқаратын қызметкерлердің арасында жеке бас денсаулығының жауаптылығын арттыру, менингококкты инфекция, туберкулез ауруы, АИТВ және ЖИТС ауруларының жұғу қауіптілігі, жүрек-қан тамырлары ауруларының клиникасы, диагностикасы, профилактикасы және ЖРВИ мен тұмау ауруының профилактикасы жөнінде кең көлемде ақпарат беру болмақ.

   Семинар-кеңес барысында қызметкерлер арасында туберкулез ауруының профилактикасы жөнінде анкеталық сұрақтар жүргізілді, тақырыпқа сай бейнероликтер, слайдтар көрсетілді, брошюралар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді және стендтерге жадынамалар орнатылды.

   Семинар-кеңеске әскерилендірілген теміржол күзетінің 124 сарбазы қатысты.

Төребай КЕНЖЕБАЙ 


Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді