Ұсыныс: Қосымша вагондар қажет

Аймақтар
07.12.2018, 12:56

Алдымызда жаңа жыл жақындаған сайын ұшақ пен пойыздарға жолаушылар билеті де сұранысқа ие бола бастайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Астана, Алматы сынды орталық қалалардан аймақтарға билет жоқ. Бірақ Атырау темір жол вокзалының билет кассаларынан «вагондар қосылады» деген жағымды хабарды да естиміз.  

Жалпы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атырау телімі бастығы Ә.Есқалиевтің айтуынша, телімнің пайдаланатын паркі 136 вагонды құрайды. Телімінің өзінің құрылымында 4 жолаушылар пойызы бар, соның ішінде№41/42 «Атырау–Алматы-1» бағытындағы пойызы 3 құрамнан тұрады, бір құрамда 6 купелік, 8 плацкартты вагон бар. Сондай-ақ, Алматы-Атырау арасына Тальго пойызы жүреді. №47/48 «Атырау-Астана-Нұрлыжол» бағытындағы пойыз 2 құрамнан тұрады, бір құрамда 3 плацкартты, 6 купелік вагон бар. Енді оны 20 вагонға дейін ұлғайтуға жұмыс жасауда екен. Атырау-Маңғыстау, Атырау-Ақтөбе пойыздарына да билет қат болып қалады.  

Атырау аймағы бойынша 9 бекетте «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 12 билет кассасы жұмыс жасайды, соның ішінде Атырау вокзалында 4 касса (3 касса тәулік бойы қызмет көрсетеді) бар. Сонымен қатар, 10 агенттік билет кассасы орналасқан. Олардың бағасы 300-400 теңгеге қымбаттау. Атырау вокзалында «ЖТ» АҚ-ның билет кассасы сатылымның тәуліктік орта есеп көрсеткіші бойынша 1580 билетті құрайды. Сонан кейінгі орында Құлсары – 146-150 билет, Мақат – 102-105 билет, ал басқа станцияларда тәулігіне 30-дан 70-ке дейін билет сатылады. Аймақтағы барлық билеттік кассалары БККФ (кассалық кешендермен фискализацияланған) билеттермен жабдықталған, билет кассаларында электронды жол жүру құжаты да сатылады.

Атырау телімінің өзінің құрылымындағы жолаушылар пойызының айлық көрсеткішіне келсек, «Атырау-Маңғыстау» – 28804 орын, 72%-і сатылған – 20798 орын. «Атырау-Астрахань» – 4176 орын, 81%-і сатылған – 3401 орын. «Атырау-Астана-Нұрлыжол» – 12132 орын, 74%-і сатылған – 9025 орын. «Атырау-Алматы-1» – 11990 орын, 92%-і сатылған – 11037 орын. Қорытынды ұсынылғаны – 57102 орын, сатылғаны 78%-і – 44261. Дегенмен, қазіргі уақытта билетке сұраныс күшті, сондықтан барлық бағытта да вагондар қосу қажеттігі айқын сезіледі.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды