Тілсіз жау теміржолды жағалап жүр

Аймақтар
17.06.2019, 12:17
Жасулан Сейлханов

Жамбыл облысы еліміздің оңтүстік аймағында болғандықтан мұнда күн ыстық кездер көп. Облыста бір емес, екі күн электр станциясының салынуы да бекер емес. Дегенмен, аймақтағы күннің күрт ысып кетуі кейде темір жолдың бойындағы тіршілікке де кесірін тигізіп жатады.

 Жыл басынан бері теміржолдағы өрт сөндірушілердің мазасын алған үш өрт тіркелсе, соның екеуі ерте көктемде, яғни наурыз айында тұтаныпты. Бұл уақытта солтүстікте қар борап тұрса, оңтүстіктегі Шудың бойында шөп-шалам мен қамысқұрақ өртке ораныпты. Наурыздағы екі өрт оқиғасы да Шу жол дистанциясына қарасты телімде болған.

Алғашқы өрт Шу–Шығанақ учаскесіндегі Бірлік-1–Жиделі перегонында тұтаныпты. Дәл осы кезде дистанция мамандары төрт сағаттық толаскезге жолды жауып жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан екен. Олар түстің кезінде шамамен 1,5-2 км жердегі Далақайнар ауылы тұсынан жолға жақын маңнан шыққан түтінді байқайды. Теміржолшылар жұмыстарын тастай сала көлікпен өрт ошағына жетіп барған. Бірақ желдің екпіндете соғуы олардың өртті өз бетінше сөндіреміз деген әрекетін нәтижесіз етеді. Олар дереу жоғары басшылыққа хабар берген соң Шуда қаңтарылып тұрған өрт сөндіру пойызы жолға шыққан. Жарты сағатта оқиға орнына шұғыл жеткен пойыз бен жалпы өрт сөндіруге жұмылдырылған 28 адам кеш қарая бір-ақ қызыл жалынды ауыздықтапты. Сондағы өртенгені – дала шөптері мен былтырдан қалған қурай, қамыс екен. Ал дистанция жұмысшылары тілсіз жаумен күресіп жүргенде негізгі жұмыстары бірнеше сағатқа қаңтарылып қалып, қос бағыттан бірнеше пойыз кестеден кешігуіне тура келген. Оқиға салдарын шұғыл талқылау отырысында Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ү.Рысбеков тиісті басшыларға мұндай төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын, өрт бола қалған жағдайда шұғыл әрекет етудің оқужаттығу шараларын пысықтауды қатаң тапсырды.

Ал одан кейін араға апта салып Шу мен Отар ортасында тілсіз жау тағы «бас көтеріпті». Бірлік-Б/П аралығында тұтанған бұл өртті жол шебері Б.Атабаев пен қасындағы екі жолшы дер кезінде байқап қалып, айналасы жарты сағаттың ішінде өшіре алған. Айтуынша, бір күн бұрын ғана осы учаске қамыс пен қураған шөптен тазартылыпты. Өрт жол жиегінен 1015 метр қашықтықта болғандықтан пойыздарға кедергісін келтірмеген, оларды тоқтатып қою шарасы қолданылмаған.

– Қанша қамдансақ та өрттің қашан алқымнан алатынын тап басып айту мүмкін емес. Бірақ, техникамыз бен мамандарымыз жазғы маусымға сақадай сай дайын. Жоғарыда аталған екі оқиға бойынша болған шұғыл жиындардан бөлек осы жақында үйлестіру кеңесінің басқосуы мен дөңгелек үстел отырысы өтті. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің Шу аумағы бойынша орынбасары Д.Сыздықовтың төрағалығымен Шуда өткен үйлестіру кеңесінің жиынына Шу көлік прокуратурасы мен көліктегі полиция қызметі өкілдері де қатысты. Отырыста Жамбыл өрт қауіпсіздігі қызметінің инспекторы Е.Нағашыбаев аумақтағы өртке қарсы күрес жұмыстарының барысын баяндап берді. Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп өткізген дөңгелек үстелде де көп мәселе талқыланып, тілсіз жаумен жұмыла күресудің, оны үйлестіру жұмыстарын әлі де жетілдіре түсудің мән-жайы әңгіме өзегіне айналды. Оның үстіне Бірлік станциясы маңындағы шағын ғана қамысты алқап бізді ғана емес, төтенше жағдай қызметкерлерін де жиі жолға шығарып жүр. Өйткені сазды, сулы келетін ол маңның қамысын түбегейлі жойып тастау мүмкін болмай тұр. Қалың қамыс ішіне не адам, не техника кіре алмай жүр, – дейді Жамбыл өрт қауіпсіздігі қызметінің бастығы Әбдісаттар Әбдіғаниев.

Байқауымызша, Бірлік станциясына жақын маңдағы Алматы-Тараз-Астана сынды басты темір жол магистральдарының тоғысатын жері өрт сөндірушілер үшін нағыз «Бермут үштағанына» айналған ба дерсің. Өйткені сазды келетін ол жердің қамысқұрағы өрт жиі тұтанып тұратын аумақ болып тұр.

Ә.Әбдіғаниевтің айтуынша, жақын күндері Жамбылда өртке қарсы үлкен оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылғалы отыр. Қазір Жамбыл өрт қауіпсіздігі қызметі мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары соңғы дайындықтарын пысықтауда. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады