Күрделі жөндеуден соң...
Бірінен соң бірі жаңартылған Атырау жол бөлімшесіне қарасты Жантерек – Мұқыр бекеттеріне сапарымыз сәтті болды.
Теміржол бекеттерін санитарлық-техникалық талаптарға сай ету үшін нысандарда 2014-2015 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда аталмыш бекеттердің архитектуралық құндылықтары сақталып, шатыры мен қасбеті жаңартылған. Есік-терезелері де толықтай ауыстырылып, едені мен ғимараттағы электр шамдары, бекет ішіндегі жабдықтары кері жаңартылып, қызметкерлердің қол жуатын, киініп-шешінетін орындары қарастырылған. Қызметкерлер отыратын бөлмелерде және күту залында ауа баптағыш желдеткіштер орнатылып, бұдан басқа, жылу жүйелері мен электр сымдары, перрондағы ескірген жарық желілері де толықтай ауыстырылыпты. Вокзалдың іші-сыртына бейнебақылау камералары қондырылып, екі бекеттегі перрондардың ұзындығы 180 метрге ұзартылып, айналасы темір шарбақпен қоршалыпты.
Бүгінде Жантерек бекетінде 4 станция кезекшісі, 4 вагон қараушы, 2 сигнал беру, орталықтандыру және блоктаудың (СОБ) электр механиктері қызмет етеді. Мұқыр бекетінде де 5 станция кезекшісі, 4 сигнал беру, орталықтандыру және блоктаудың (СОБ): 1 аға механигі, 2 механик және 1 қатардағы монтер, 2 вагон қараушы, 2 энергетик, 1 билет кассирі бар. Бекеттердің екеуінде де келе жатқан вагонның ақауын алыстан байқайтын КТСМ-02 құрылғысы қондырылған. Нысан –күзетшінің бақылауында.
Тағы бір айта кететіні – екі станцияда да жұмыс жасайтындар 20 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлер. Сол себепті де болар, өндірістік жарақат алу немесе вагонның құрамнан ажырап қалуы, адам өлімі сынды бақытсыз оқиғалар орын алған емес. Оған қосымша, станциялар шағын болса да техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселесі бірінші жолға қойылған. Теміржолшылар жазғы және қысқы арнайы киімдермен, сондай-ақ, қорғаныс құралдарымен кестеге сай қамтылып отырады. Сонымен бірге, еңбек қорғау шараларына барлық деңгейдегі басшылардың қатысу нормативтері қарастырылып, цех басшыларының кауіпсіз жұмыс жағдайын ұйымдастыруына, қарауындағы еңбеккерлердің денсаулығы мен өмірі үшін жеке жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылады. Одан бөлек, кәсіби біліктілігін арттыруда оқу кабинетінде ай сайын қызметкерлер үшін техникалық сабақтар жүргізіледі.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті