«Дүйсекеннің әкімі» Гүлжан

Аймақтар
04.11.2016, 17:09
Оқуға 2 мин
Локоть – Семей телімінің 629,8 шақырымында орын тепкен Дүйсекен жол айрығында тек теміржолшылар тұрады. Сыңсыған қалың орман ішіндегі шағын станция ғимараты ағаштан салынған, ертегідей ескі көрінгенмен сүйегі мықты.  Қызмет көрсетіп тұрғанына биыл 102 жыл толады. Теміржол саласында жиырма жылдан астам еңбек өтілі бар станция басшысы Гүлжан Бекмұхаметқызын жергілікті теміржолшылар «Дүйсекеннің әкімі» дейді екен.  Айтса айтқандай, табиғатынан тынымсыз, шектен тыс жауапкершілік қасиеті бар теміржолшы келіншек өзін осы жол айрығындағы барлық жұмысқа жауапты санайды. Биыл бой көтергеніне ғасырдан асқан станция ғимаратына биыл бекет бастығының жетекшілігімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ғимарат ішіндегі жылыту жүйесі күрделі жөндеуден өткізілген. Үстел-орындық, шкаф тәрізді қажетті кеңсе заттары толықтай жаңартылған. Шаруашылыққа қатысты мәселе жоқ. Ағаш-отын түсірілген, көмір жеткізілген.  Гүлжан Түсіпқанова үшін аптаның дүйсенбісі аса маңызды. Бұл күн белгіленген тәртіп бойынша «Станция бастығының күні». Тексеру шаралары қалыптасқан дағды бойынша таңертеңгісін бағыттама басынан басталады. Қасына жолшылар бригадирі мен электромеханикті ертіп алып, жолға шығатын станция бастығының назарынан ештеңе тыс қалмайды. Желіге тиесілі жол бойы мен СОБ құрылғылары, бағыттамалы бұрмалар, байланыс желілері түгелдей сүзгіден өтіп, ғимараттарға келіп бір-ақ тіреледі.  Гүлжан Бекмұхаметқызы кінәрат жібергендерге қатал. Қолтығына қыстырған «ДУ-46» журналына табылған ақаулықтарды тіркеп жазып, оны қалпына келтіру мерзімін де белгілеп қояды. Бір бұл емес, қорытынды хаттама да толтырады. Жұбайым екеуміз қол ұстасып теміржол саласына бірге келдік. Қазірде жұбымыз жазылмай бірге еңбек етудеміз. Ол станция кезекшісі. Балаларымыз мектеп жасында. Бүгінде осынау шағын болса да табиғаты көркем, тарихы үлкен  станцияда қызмет етіп жатқан он шақты теміржолшылар отбасы бір шаңырақ астында тұрып жатқандай татумыз, – дейді Гүлжан Бекмұхаметқызы. Алғашқы қызмет жолын Жаңа-Семей станциясында техникалық кеңсе қызметкері ретінде бастаған Гүлжан түптің түбінде станция бастығы болуды армандаған екен. «Адал еңбек етіп, іскерлігіңмен танылсаң неге болмасқа...» деп ойлайды екен. Міне, арманы алдамады, шағын болса да жүк тасымалы үшін маңыздылығы бір де кем емес станцияны басқарып, саланың өркендеуіне өз үлесін қосып отыр.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті