Техникалық ахуал қатаң қадағалауда
Локоть – Семей телімінің 561,1 шақырымында орын тепкен төртінші класты Ауыл станциясындағы теміржолшылар тіршілігі қашанда қауырт. Шекара шебінде тұрғандықтан негізінен халықаралық жолаушылар пойызы мен транзиттік жүк тасымалы құрамдарын қабылдап алып, аттандырып салып отырады. Сол себепті де жауапкершілік екі еселенеді.
Қазіргі күні мұнда жүзден аса теміржолшылар отбасы тұрып жатыр. Желі бойындағы жұмыстың жеңілі жоқ, дегенмен солардың арасында вагон қараушыларына жүктелген міндетті ерекшелеп атауға болады. Аталмыш станциядағы вагон қараушы Қайрат Орынбасаров бұл қызметтің маңыздылығын жақсы біледі. Себебі, табиғаты аса қатаң аймақ саналатын Ауыл станциясында теміржолшы болудың өзіндік жүгі бар.
Қайрат Нұртасұлының аталмыш қызметте жүргеніне биыл 12-ші жылға ауыпты. Вагондардан ақаулық іздеп, қажет жағдайда ықшам түрдегі, жеңілдетілген жөндеу жұмыстарын жүргізу – негізгі міндеті. Станция басындағы 9 вагон қараушысының өзіндік атқарар қызметтері бар. Араларында Дизат Қалиев сынды аға вагон қараушысы жетекшілік ететін теміржолшылар өз істеріне жауапты.
– Қызметіміз табиғаттың қолайсыз күндерін есептемегенде, жауапкершілікті айтпағанда, аса ауыр дей алмаймын. Елдің шеті, шекараның шебі болғандықтан мұнда жылжымалы құрамдар ұзағырақ аялдайды. Иісшіл ит ерткен шекарашылар вагондарды толық аралап шығып, жолаушылар құжаттары тексерілгенге дейін біз де жұмысымызды бітіріп үлгереміз. Басты міндетіміз, өзге ел асып келе жатқан пойыздардың техникалық ахуалын жіті қадағалаудан өткізіп, мұқият тексеру. Соңғы жылдарда бірде-бір оқыс оқиғаға жол берген жоқпыз, – дейді өз ісінің шебер меңгерген вагон қараушысы.
Қазіргі күні Ауыл станциясында теміржолшылар игілігі үшін барлық жағдай жасалынған. Қатаң маусымды қысылмай өткізу үшін жұмысшы күшінің де керек-жарағы сай болуы қажет. Осы ретте вагон қараушылар да қысқы арнайы қызметтік киім түрлері мен аяқ киімдермен толық қамтылыпты. Бұл тарапта ешқандай шағым жоқ. Сондай-ақ, жылыну үйшіктері, техникалық тексеру пункттері толығымен күрделі жөндеуден өткен. Станциядағы бір қолайсыздық – ауыз судың тапшылығы болатын. Биыл бұл мәселе де оң шешімін тауыпты. Қазіргі күні мұндағы теміржолшылардың өз моншалары бар.
Отбасында үш бала тәрбиелеп жатқан Қайрат Нұртасұлы ұлдарын да осы салаға баулуда. Бір ұлы Алматыдағы темір жол колледжін бітірген. Олардың да ертеңгі күні дәл өзі тәрізді шекара шебінде отандық теміржолда қызмет еткенін қалайды.
Көз ұшында Ресей шекарасының күзет мұнарасы қараяды. Яғни, өзге елдің аумағы басталады деген сөз. Ал Ауыл станциясы Қазақстан туы желбірейтін Шығыстағы бірегей темір жол қақпасы. «Көгінде қыран қалықтаған көгілдір ту жұмысты бастар сәтте, содан соң шаршаған уақыттарда көңілге ерекше сезім сыйлайды» дейді мұндағы теміржолшылар қауымы.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Ауыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті