Үш үздік машинист марапатталды

Аймақтар
22.11.2016, 17:38
Оқуға 2 мин
  «Машинист жылы» қорытындылануға таяу. Жыл бойы өтіп жатқан алуан түрлі шаралар қатары мәртебелі мамандық иелеріне арнайы шығарылған құрметті атақпен толықты. Жер-жерде сала саңлақтары «Құрметті локомотив машинисі» деген атқа ие болып, мерейлері тасуда. Өткен апта соңында Ақтөбе локомотив пайдалану депосының үш үздік майталманы «Құрметті локомотив машинисі» төсбелгісін тақты.  Олар – «Ақтөбе жүк бөлімшесі» Шұбарқұдық айналым депосының тепловоз машинисі Самат Қамысбаев, Ақтөбе локомотив пайдалану депосының тепловоз машинистері Сергей Семкин мен Жақсылық Тіленовтер еді. Өз саласы бойынша құрметті атаққа ие болған олар арнайы төсбелгі және куәлікпен қатар бір реттік ақшалай сыйақыға ие болды.   Салтанатты шарада сөз алған депо директоры Талғат Медеубаев локомотив шаруашылығындағы оң өзгерістерді тізбелеп, машинист жұмысының қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Қозғалыс қауіпсіздігі локомотив жұмысына тікелей қатысы бар болғандықтан машинист жауапкершілігі басқа әріптестеріне қарағанда екі есе жоғары екенін ескерген депо бастығы әріптестеріне алдағы уақытта да сәттілік тіледі.  Өз кезегінде, «Локомотив» АҚ Батыс аймақтық өкілі Айтбай Натиев машинистер мен олардың көмекшілеріне бұл шараның ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылғанын жеткізді. «Құрметті локомотив машинисі» атағы алғаш енгізіліп отырғанын айтқан ол машинистер үшін алдағы уақытта әлеуметтік бағытта да әлі көптеген іс тындырылатынын хабарлады.  Құрметті атаққа ие болған машинистер мекеме басшылығы мен әріптестеріне алғыстарын білдіріп, машинист атына әруақытта адал болып, абыройына нұқсан келтірмейтініне сендірді. Айта кетейік, мұндай басқосулар осыған дейін Қандыағаш пен Жем пайдалану деполарында да өткен болатын. 

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті