Тәуелсіздікке арналған марафонға қатысқан семейлік теміржолшылар жүлдегер атанды

Аймақтар
08.10.2021, 10:59
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздік мерейтойына орай «30 күнге 30 шақырым» атты кәсіподақ марафонына Семей ЖТ бөлімшесінің атынан қатысқан бірқатар желаяқ теміржолшылар жүлдегер атанды. Жақында оларды ел шығысына жасаған сапары аясында «Қазкөліккәсіподақ» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев арнайы құттықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz. Оразғали Төлепбекұлы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іргелі шарада жеңіске жеткен Болатбек Шутиковты, Сәуле Асқарова мен Нұрлан Бегәділовті арнайы дипломдармен марапаттап, медаль тақты. Ол өз сөзінде, қоғамдық шаралар ұйымдастыруда, сонымен қатар, отандық теміржол саласының игілігі жолында семейлік кәсіподақ қызметкерлерінің аса белсенді екенін айтты.

«Семей ЖТ бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағалары теміржолшылар арасында түрлі іс-шаралар өткізіп, еңбек қатынастарын реттеуде, кәсіби және спорттық салада белсенді өмір салтын қалыптастыруда зор жетістіктерге жетуде. Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досановтың биылғы теміржолшылардың төл мерекесінде Құрметті теміржолшы атағын алуы, кешегі марафонда үздік атанған үш жеңімпаз – сөзіміздің айқын дәлелі», – деді ол.

Осыдан соң астаналық мейман желі бойындағы мекемелердің кәсіподақ жетекшілерімен жиын өткізіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Сауал-жауап алмасып, қызмет барысы бойынша әңгімелесті. Сондай-ақ, бөлімшедегі қайта жаңарып, жабдықталған «Психологиялық жеңілдену бөлмесін» көріп, жоғары баға берді, Семей вокзалында орналасқан Түрксіб мұражайының жәдігерлерімен де танысты.

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты