Жамбылдық теміржолшы парапауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында екінші орын алды

Спорт
28.10.2021, 10:02
Асхат Райқұл

«Жамбылдық теміржолшы Дәурен Мәдижан Нұр-Сұлтан қаласында өткен парапауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында топ жарды» деген сүйінші хабарды қуана қабылдадық. Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі өндірістік-техникалық бөлімінің инженері Дәурен Мәдижан өз салмақ дәрежесінде екінші орынды еншілеген. Бұл айтулы бәсекеге еліміздің 9 өңірінен 65 спортшы қатысқан екен. Енді чемпионаттың жеңімпаздары 2022 жылы ұйымдас- тырылатын халықаралық додада ел намысын қорғайтын ұлттық құрамаға іріктеледі. Құрыш білекті теміржолшыны жеңісімен құттықтап, аз-кем тілдесудің сәті түскен. Ол 1990 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Буденовка ауылында дүниеге келген екен. Тараз қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебін бітірген. Яғни, 2005 жылдан бастап жеті жыл бойы дзюдо күресімен айналысқан. «Дзюдодан спорт шеберіне үміткер» деген дәрежесі бар. Жастайынан спортқа жаны құмар. 2009 жылы жастар арасында Қазақстан чемпионатын, одан кейін жастар арасында Азия чемпионатында жеңіске жеткен. 2011 жылы Майамиде өткен Әлем кубогында бесінші тұғырды қанағат тұтқан екен. Өткен жылы пауэрлифтингтен дәл осындай Қазақстан чемпионатында үшінші орын алыпты.

– Негізі, алғашқы мамандығым – бухгалтерлік есеп және аудит. Кейін М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірдім. Теміржолдағы еңбек жолым алты жыл бұрын ғана басталды. Астана станциясында пойыз құрастырушы болғанмын ол кезде. 2018 жылы өндірістік жарақат алып, біршама қиындықтарға тап болдым. Алайда, мен сынған жоқпын, өмірге құштар болдым. Алдыма мақсат қойдым, оған жетуді өзіме борыш санадым. Жаным спортқа жақын болған соң, мүмкіндігі шектеулі жандардың санатына қосылсам да, спортты тастай алмадым. Параспортқа бет бұрдым. Бірақ дзюдодан емес, пауэрлифтингтен. Яғни, ауыр зілтемірлерді жатып көтеру, – дейді Дәурен Мәдижан.

Оның парапауэрлифтингпен айналысып жүргеніне небары үш-ақ жыл болыпты. Үш жылда осынша нәтиже көрсетіп, жетістікке шыққан Дәуреннің ерік-жігері, расында, мықты.

«Бұл спорт денсаулығыңа кері әсер етпей ме?» деген сауалымызға «Жоқ, бапкерлеріміздің айтқанын істесек, ешқандай зақым келмейтініне сенімдімін» деп жауап берді.

Дәуреннің жоспары да жоқ емес. Келесі жылы Португалияда өтетін Әлем кубогында бағын сынағысы келеді. Тек қаржылай қолдау керек, жұмыс орнынан демеу қажет. «Рас, әріптестерім моральдық тұрғыдан қолдарынан келгенше көмектесіп жатады. Аптасына төрт мәрте жаттығу залынан табылуым керек. Маған әлі көп тер төгу керек. Былтырғы бәсекеде үшінші орын бұйырды дедім, биыл екінші тұғырдан көріндім. Келесі жылы бірінші орынды еншілеймін деп өзіме уәде беріп отырмын», – деген спортшы-теміржолшы бапкері туралы да мақтанышпен айтып берді. Чемпион осы уақытқа дейін ешкімнен, ешқандай қаржылық қолдау көрмегенін де жасырмады. Тек Тараз қаласындағы дене мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт мектебінің демеушілігімен ғана додаларға қатысып, топ жарып жүр. Дәуренді жарыстарға жаттықтырып жүрген Руслан Греев те осал емес, әлемнің үш дүркін чемпионы. Ол әрі Жамбыл облысының бас бапкері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды