Жалпыхалықтық марафонда теміржолшы Нұрлан Бегәділов чемпион атанды

Спорт
23.09.2022, 10:44
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен демалыс күні Абай облысының орталығы Семей қаласында аймақ тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық марафон өтті. «Абай-марафон 2022» аталған шараға өңірдегі барлық мекемелердің өкілдері қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады.

Әрине, марафонға спортты серік етуді дәстүрге айналдырған теміржолшылар қауымы да қатысып, қала халқымен бірге өз шеберліктерін сынға салды.  

Әуесқой спортшылар алдын ала белгіленген аумақпен 3, 5, 10 шақырымды жүгіріп өтулері тиіс болатын. Белсеніп шыққан теміржолшылар арасында осыған дейін де сан түрлі сайыстарда, соның ішінде ұлттық компания бойынша өткізіліп   жүрген жарыстарда топ жарып жүрген, Семей магистральдық желі бөлімшесі техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Бегәділовтің жұлдызы жанды. Ол 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден өз салмағы бойынша топ жарып, бірінші орынды еншіледі. Нәтижесінде арнайы сыйлық пен медальға және ұйымдастырушылар тарапынан марапатқа ие болды.

 Нұрлан Бегәділов спортпен айналысуды 2014 жылы бастапты. Тек жеңіл атлетика ғана емес, шаңғы және велоспортты да жанына жақын тұтады екен.  

– Биылғы жылы қатысатын сайыстар қатары өте көп болды. Алдағы уақыттарда да бірқатар жарыстарда бақ сынауды көздеп жүрмін. Бәлкім даярлық шараларының нәтижесі болар, осы марафонда теміржолдың намысын қолдан бермеуге тырыстым, – дейді 47 жастағы желаяқ жігіт.  

Ал теміржолшы марафоншыларды бәйгеге баптап апарған Семей ЖТ бөлімшесі «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкованың айтуынша, сайыста теміржолшылар намысты қолдан бермеген. Мәселен, 3 және 5 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден Семей вокзалының бастығы Есен Қажығұлов та жүлделі орындардан табылып, ұлттық компанияның туын желбіреткен.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті