Теміржолшы грек-рим күресінен чемпион атанды

Спорт
15.11.2022, 17:07
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-ның вагон шаруашылығы саласында слесарь болып жұмыс істейтін Мирас Баршылықов Египетте грек-рим күресінен өткен турнирде жеңімпаз атанды. Дүбірлі додаға әлемнің 20 елінен спортшылар қатысты. Солардың арасынан білек күшімен топ жарған Мирас – Қазақстаннан барған балуандар арасындағы жалғыз теміржолшы.  

Қостанай ЖТ бөлімшесіне қарасты Рудный ВЧД-19 мекемесінде бір жарым жылдан бері 4-ші разрядты слесар болып еңбек ететін Мирас Баршылықов грек-рим күресімен 7 жасынан бастап шұғылданады. Алғаш оны бұл үйірмеге анасы жетелеп апарған екен. Содан бері 21 жыл бойына осы спорт түрінен қол үзбей, түрлі халықаралық жарыстарда қарсыласынан басым түсіп келеді. Өзі – грек-рим күресінен Қазақстанның ұлттық құрамасына мүше. Биыл жазда Румынияның Бухарест қаласында өткен халықаралық жарысқа да қатысып, бірінші орын алған еді. Ал мұндай жеңімпаздар әлемдік деңгейдегі сайыстарға Қазақстан атынан баратын спортшылар қатарында болады.

– Бұл – осы Египетте грек-рим күресінің негізін салған аңыз адам Ибрахим Мұстафаны еске алуға арналған Африка континенті елдерінің халықаралық турнирі, биыл жарыс 12-14 қарашада Александрия деген қалада 33-ші рет өткізілді. Турнирге Қазақстаннан 23 балуан келді, олардың 15-і жүлделі орындарға ие болды. 5 алтын алдық, осылайша Ұлттық құрама бірінші орынды иеленді. Грек-рим күресінің қазақша күрестен айырмашылығы – қазақшада киімнен ұстап, аяқтан шалатын болса, мұнда олай істеуге болмайды, таза күшпен алу керек. Жеңіс туын талай жерде желбіретіп, Қазақстан жалауын танытып жүрміз, бірақ бұл жолы біз ҚТЖ туын да көтеріп жүрдік, – дейді жеңімпаз балуан.  

Бір айта кетерлігі, Мирастың бұл турнирге қатысуына, яғни бару, келу шығынына ҚТЖ Орталық аппараты қаржы бөліп, көмектескен.  

– Әсіресе, Орталық аппараттан Ақмарал Жарасқызы мен Ольга Васильевнаға айтар алғысым шексіз. Жалпы мен бұл жеңісімді Ақмарал ханымға арнаймын. Сонымен қатар менің жұмыс пен спортты қатар алып жүруіме үнемі қолдау білдіріп, мені ылғи демеп жүретін өзімнің тікелей бастығым Сейітқали Серікке ризашылығымды білдіремін, – дейді теміржолшы.  

Мирасқа қазірдің өзінде жан-жақтан түрлі кәсіпорындардан ұсыныстар көптеп түсіп, оны өздеріне шақырып жатыр екен. Алайда ол: «Теміржолдан қолдау тауып, жеңіске жеттім. Сондықтан осы салада қаламын және ҚТЖ-ның атағын шығаруға атсалысамын» деп нақты мақсат қойыпты. Ал негізгі жұмысына келсек, осы сапардан кейін ол вагон қараушы болып ауысуды көздеп отыр. Депода екі күн жұмыс істеп, екі күн демалғанда және ауысымнан шыққан кезде де спорт залындағы жаттығуын ешқашан тастаған емес. Әкеден ерте айрылған балуан – отбасының негізгі асыраушысы. Өзінен кейін інісі бар. Анасы мен әйелі – денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Батыр балуанның тағы бір қуанышы - жақында тұңғышы дүниеге келетін күнді асыға күтіп жүрген жайы бар.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды