Қызылордалық теміржолшылар арасында волейболдан турнир өтті

Спорт
13.12.2022, 11:37
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында қызылордалық теміржолшылар арасында волейболдан турнир өтті. Қызылорда станциясындағы салалық мекемелердің командаларын жинаған спорттық доданы «Қазкөліккәсіп» ҚБ аймақтық филиалы ұйымдастырды.

Турнирдің алғашқы айналымында-ақ қарсыластарынан шеберлік асырған бөлімшенің «НОД-ГП» құрамасы турнирдің бас жүлдесін еншіледі. Екінші орынға Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» командасы шықса, үшінші орын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС» құрамасына бұйырып, олардың бәрі кәсіподақтың арнайы кубогы мен диплом, бағалы сыйлығын иеленді.  

– Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған спорттық шаралардың шымылдығын түрген бүгінгі ойын жоғары деңгейде өтті. Асығы алшысынан түсіп, шеберліктерін асырған командалар лайықты жүлде алды. Біздің теміржолшылар кәсіби деңгейдегі спортшылардан кем емес, шебер ойнайды, – деді бөлімшенің спорт секторы Бақытжан Имбергенов.  

Турнир қорытындысында спорттық жарыстарда алдына жан салмайтын ардагер машинист, Қызылорда локомотив пайдалану депосы құрамасының ойыншысы Арынғазы Ысқақов «үздік шабуылшы», Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі құрамасынан Марат Орынбасаров «үздік ойыншы» атанды. Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы командасының ойыншысы Жаңабай Жұмаділдаев «Үздік қорғаушы», ал «Белкөл» құрамасының ойыншысы Айбек Айшыбеков «үздік үйлестіруші» атанып, арнайы сыйлықтар алды.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды