Арыста теміржолшылар арасында спорттық сайыс өтті

Спорт
27.02.2024, 08:36
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласындағы орталық стадионда теміржолшылар арасында волейбол мен арқан тартыстан командалық сайыс өтіп, үздік командалар белгілі болды.

«Қазкөліккәсіп» Шымкент магистральдық желісінің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған спорттық спартакиадаға Арыс станциясы мен Арыс қалпына келтіру пойызы, Локомотив пайдалану депосы мен Вагон пайдалану депосы, Әскерилендірілген теміржол күзеті мен Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының құрама командалары қатысып, өзара күш сынасты.  

Бұқаралық спортты дамыту мен оны кеңінен насихаттауды мақсат еткен салтанатты шараның ашылуында сөз алған кәсіподақ филиалының төрағасы Нағима Салықбаева мұндай басқосуларды өткізіп тұру теміржолшылар арасында дәстүрге айналғанын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Ал саламатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен 70-ке жуық теміржолшы спорттың екі түрі бойынша тартысты сайыс өткізді. Волейболшылар арасында өткен кездесуде командалар арасында 16 ойын өтіп, қорытынды есеп бойынша Арыс станциясы ІІІ орын алды. Ал Арыс локомотив пайдалану депосы (ТЧЭ-32) – ІІ орынға иелік етсе, Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының командасы І орынға лайық деп танылды.

 

Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті