Астанада өткен сайыста теміржолшылар жеңімпаз атанды

Спорт
17.07.2025, 14:32
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Астана қаласында халықаралық Astana Triathlon Half сайысы ұйымдастырылған болатын. Әлемнің әр түкпірінен кіл мықтылар жиналған байқауға ұлттық компанияның атынан үш эстафеталық команда қатысып, шеберліктерін сынға салды.

Жарыс талабы оңай емес, спортшылар әуелгі кезекте 1,9 км суда жүзіп, велосипедпен 90 км жүріп өтіп, ең соңғы шешуші сәтте 21,1 км аумақты жүгіріп өтуі тиіс болатын.  

Команда құрамында екі бірдей семейлік теміржолшы өнер көрсетті. Осыған дейін сан мәрте топ жарып, жеңімпаз атанып жүрген Семей магистральдық желі бөлімшесінің техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Мысырұлы мен бөлімшенің вагондар қозғалысы жылдамдығын өлшеуші Еркебұлан Ахмадиев ұлттық компания туын биік ұстады. Біздің жігіттер ерлер арасындағы сайыста жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.  

Айта кетерлігі, Нұрлан велоспорт түрінен сайысқа түссе, Еркебұлан жүгіру бойынша жарыс жолына шығыпты. Еркебұланның жуырда ғана Жетісу облысында болып өткен «Шаған тау марафоны-2025» байқауында да теміржолшылар атынан сынға түсіп, 13 шақырымдық жарыс жолын санаулы минуттарда бағындырып, жүлделі бірінші орын иеленгенін айта кеткен жөн.  

Жас спортшы даярланып та үлгермепті. Әйтсе де, қос спортшы да алдағы тамыз айында Семей қаласында Абайдың 180 жылдығына орай өткізілетін спорттық іс- шараға қатысу үшін жаттығуды бастап кетті.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда