Тәуелсіздік күніне орай теміржолшылар арасында волейболдан жарыс өтті

Спорт
17.12.2025, 15:10
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының бастамасымен Қызылорда станциясында волейболдан дәстүрлі турнир ұйымдастырылды. Теміржолшылар арасындағы бұл спорттық жарыс ұлық мерекенің мазмұнын тереңдетіп, ұжымдар арасындағы ынтымақ пен серіктестікті нығайта түсті.

Турнирдің ашылу салтанатында «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, спорт секторының жетекшісі Бақытжан Имбергенов және мекемелердің кәсіподақ ұйымдары басшылары қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы спорттық бәсекенің достық пен ауызбіршілік рухында өтуіне тілектестік білдірді. Олар командаларға сәттілік тілеп, әділ бәсеке мен спорттық мәдениетті басты қағида ретінде ұстануға шақырды.

Қалалық спорт алаңында өткен турнирге Қызылорда станциясындағы салалық мекемелердің бес бірдей құрама командасы қатысты. Атап айтқанда, Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34», Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының «ЭЧ-25», Қызылорда жол дистанциясының «ПЧ-57», Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС-10» және Белкөл станциясының «ДС Белкөл» командалары тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Ойын барысында теміржолшылардың волейболдан жақсы дайындықта екені байқалды. Дәл пас беру, нәтижелі шабуыл, ұтымды қорғаныс, сенімді қабылдаулар көрермендерге нағыз спорттық әсер сыйлады. Әсіресе шешуші сәттердегі шабуыл комбинациялары мен допты алаңға дәл бағыттау шеберлігі командалардың тәжірибесін айқын көрсетті.

Тартысқа толы жарыс қорытындысы бойынша І орынды Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС-10» командасы жеңіп алды. ІІ орын Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының «ЭЧ-25» командасына бұйырса, ІІІ орынды Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» командасы иеленді.

Жүлделі орын алған командаларға мекемелердің кәсіподақ ұйымдары арнайы әзірлеген грамоталар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Осылайша, Тәуелсіздік күніне арналған волейбол турнирі теміржолшылардың салауатты өмір салтын ұстанатынын, спорттық ойындарға тән терминдер мен ойын тактикасын жетік меңгергенін көрсетіп, ұжымдық рухты одан әрі нығайтты.  

 

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты