Шудағы тартысты ойын

Спорт
06.04.2026, 10:08
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен Шу станциясында волейболдан тораптық жарыс өтті.

Волейболдан жамбылдық теміржолшылардың құрамасы – аймақтық, республикалық жарыстарда олжа салып жүрген команда. Құрылымдық бөлімшелерде өңірлік филиалдың намысын қорғап жүрген жақсы ойыншылар бар. Сондықтан тораптық бәсеке аса тартысты өтіп,  жеңімпаздарды анықтау үшін айналмалы жүйе таңдалды.

–  Жамбыл кәсіподағының  іс-шаралар кестесінде жыл ішінде жоспарланған бұл тораптық турнир күткеніміздей тартысқа толы болды. Қашан да волейболдағы бәсеке жоғары. Себебі, құрылымдық бөлімшелерде өңірлік құрама сапында ойнайтын волейболшылар бар. Ал бұл ойынның бір ерекшелігі – командада байланыстырушы екі мықты ойыншы болса, соның өзі көп нәрсені шешеді. Олар өздері-ақ қарсы шабуылдарды ұйымдастыра алады, – дейді кәсіподақ ұйымының спорт бойынша нұсқаушы-ұйымдастырушысы Евгений Тян.

     Жарыс барысында әр партияда тартыс қызып, қарсыластар бір-біріне дес бермей, теңбіл доп әлсін әлсін торда тулап, тараптардың жүйкесін жұқартты.  Дегенмен, сайыстың аты – сайыс.  Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындарды ТЧЭ-30, ШЧ-35 және ЭЧ-22 командалары иеленді. Жарысқа қатысушылар кәсіподақ ұйымының атынан грамоталармен, кубоктармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті