Тараз командасы – чемпион!

Спорт
04.05.2026, 11:27
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Астанада «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС филиалдары арасында өткен спартакиададан Тараз филиалының құрама командасы жеңіспен оралды.

Әскерилендірілген теміржол күзетінің 105 жылдығына арналған спорттық додаға 11 филиал мен орталық аппарат, жалпы 12 команда қатысты. Қатысушылар армрестлингтен, футзал және асық ату жарыстарында бақ сынады.  

– Наурыз айында филиалдың жеке құрамдары арасында үш спорт түрі бойынша іріктеу өткізген болатынбыз. Жеңімпаздарға жекелеген жарыстар бойынша жолдама бердік. Ал футзалдан әр командадан үздік ойыншыларды анықтап, құрамаға қостық. Нәтижесінде асық атудан – бірінші орын, шағын футболдан – екінші орынға ие болдық. Бір алтын, бір күміс жүлдемен жалпы командалық есепте алға шықтық. Команданың дайындығы жоғары болды. Бастысы әр қатысушының ішкі рухын көтеріп, моральдық тұрғыда қолдап отырдық. Спортшыларымыздың ауызбіршілігі мен жеңіске деген ұмтылысының арқасында спартакиаданың чемпионы атандық, – дейді дүбірлі додаға команданы өзі бастап барған «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалының директоры Еркін Мүсілімов.

Астанадан үлкен олжамен оралған чемпиондарды «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалының ұжымы Тараз вокзалында зор қуанышпен салтанатты жағдайда күтіп алды. Ұран сөздер жазылған банер жасатып, гүл шоқтарын тапсырып, қошемет көрсетті.

Бұл жеңіс  филиалдың жеке құрамдарының командалық рухын көтеріп, ауызбіршіліктерін нығайта түскені анық.  

Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды