Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды

Спорт
08.09.2026, 08:45
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Астана қаласында өткен «ЦЖС кубогы» ойынында барлық өңірден келген командалар спорттың бес түрі бойынша сайысқа түскен болатын. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің волейболшылар құрамасы екінші жүлделі орынға ие болды.

Алғашқы кездесулерден-ақ фавориттердің бірі екенін дәлелдеп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр айналымда қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген жамбылдықтар финалда Қостанайдан келген әріптестеріне ғана жол беріп, күміс жүлдегер атанды.  

– Жарыста әр өңірден келген құрылымдық бөлімшелердің құрамалары сынға түсіп, нағыз командалық ойын өрнегін көрсетті. Біздің командамыз волейболдан финалға дейін жетіп, екінші орынды еншіледі. Жалпы жамбылдықтар бұған дейін де ірі жарыстарда жүлде алып жүрген фаворит командалардың бірі саналады. Талап бойынша құрамадағы 8 ойыншының екеуі қыз-келіншектер болуы тиіс. Топтың капитаны, Тараз станциясының маневрлік диспетчері Мақсат Абатов жақсы құрам жасақтап, ойыншыларымыз олжалы оралды, – дейді бөлімше кәсіподағы ұйымының төрағасы Данияр Меңдыбаев.  

Жарыс қорытындысы бойынша Хантау станциясының кезекшісі Мирас Доғдырбай «Үздік байланыстырушы» атанып, жамбылдықтар қоржынына тағы бір жүлде салғанын айта кету керек. Ал команданың жарысқа қатысуына «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалы қаржылай қолдау көрсетті.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты