ҚТЖ өкілі «TEMIRADAM» кубогінің үшінші кезеңіне қатысты
Спорт
13.07.2021, 10:02
«Қазтеміртранс» АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры, «ҚТЖ 100 жас есім» жобасының жүлдегері Аян Кәрібжанов «TEMIRADAM» кубогінің үшінші кезеңіне қатысты. Бурабайда өткен триатлон жарысында теміржолшылар намысын қорғаған Аян бұл додаға былтырдан бері тыңғылықты дайындалған екен.
Кубокқа PRO санатындағы 6 атлет, әуесқой 195 атлет, жалпы барлығы 15 эстафеталық команда қатысқан. Соның ішінде әуесқой атлет ретінде бақ сынаған Аян Кәрібжанов үш кезеңнен тұрған жарыс шарттарын 2 сағат 52 минутта орындап шыққан, яғни бірінші 1500 метр жүзу, екінші 40 км веложарыс және үшінші 10 км жүгіру жарысына қатысқан.
– Мұндай жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Өте жоғары деңгейде өтті. Мен үшін үлкен тәжірибе болды. Жалпы бұл спорт додасына былтырдан бастап дайындалдым. Былтыр мамыр айынан бастап жүгіруді бастасам, шілдеде шосселік велосипед алып, біздің «Railways Athletics club» клубындағы теміржолшы әріптестеріммен бірге дайындалдым. Маған қолдау білдіріп, алға ынталандырғаны үшін осы клубқа және жеке жаттықтырушым Александр Нечаевке алғысымды білдіремін. Ал қыркүйек айынан бастап екі ай арнайы жаттықтырушының көмегімен жүзумен айналыстым. Осылайша өткен жылдың қараша айынан бастап триатлонмен толыққанды айналысып, аталған спорттың үш түрін біріктірдім. Биыл маусымнан бастап дайындықты одан сайын күшейтіп, аптасына 9 рет жаттығуға дейін жеткіздім. Бұл жарыста жеңіске жетпесем де, «ҚТЖ» логотипі бар арнайы киіммен шығып, компания намысын қорғадым және бұл мені алдағы жеңістерге ынталандырды, – дейді Аян Кәрібжанов.
Аян бұл кубоктің үшінші кезеңі биыл 15 тамызда елордада өтетін «Ironman 70.3 Astana» жарысына өте үлкен да- йындық болды деп санайды. «Жалпы мен алдағы уақытта да өмірімді осы триатлонмен байланыстыруды, осы сүйікті спорт түрін мәңгілік серік етуді мақсат еттім, бұл да адамның салауатты өмір сүру салты деп санаймын», – дейді ол. Бойдағы барлық ерік-жігерді ұштайтын, табанды және қажырлы еңбекті қажет ететін спорт түрін меңгерген Аян сияқты теміржолшы жастар замандастарына үлгі-өнеге дер едік.
Аян бұл кубоктің үшінші кезеңі биыл 15 тамызда елордада өтетін «Ironman 70.3 Astana» жарысына өте үлкен да- йындық болды деп санайды. «Жалпы мен алдағы уақытта да өмірімді осы триатлонмен байланыстыруды, осы сүйікті спорт түрін мәңгілік серік етуді мақсат еттім, бұл да адамның салауатты өмір сүру салты деп санаймын», – дейді ол. Бойдағы барлық ерік-жігерді ұштайтын, табанды және қажырлы еңбекті қажет ететін спорт түрін меңгерген Аян сияқты теміржолшы жастар замандастарына үлгі-өнеге дер едік.
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?