Жол бойындағы қауіпсіздік – ортақ мәселе
Темір жол бойына мал шығып кету немесе жол бойында бөгде заттардың жатуы, автокөлік жүргізушілерінің кесірінен өткелдерде пойыздармен соғысуы, теміржолдың материалдық құндылықтарының қолды болуы, жарақат алу сынды мәселелерге қатысты жағдай әлі де жақсарар емес.
Мұның салдарында мыңдаған пойыз және көлік құралдары жолаушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төніп, теміржол саласы да зор материалдық шығынға батады. Осы жайларға алаңдап, мәселені темір жолдан да тыс салалармен бірлесіп шешу керектігін үнемі көтеріп келе жатқан ұлттық компания қызметкерлері тағы да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің басын қосып, арнайы кеңейтілген отырыс өткізді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы ұйымдастырған шараға темір жолдың Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті, Әскерилендірілген күзет қызметі, Жол және имараттарды пайдалану департаменті, электрификация және телемеханика, өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау, экология департаменттерінің жауапты басшыларымен қатар ҚР Көлік прокуратурасы, ҚР ИДМ көлік комитеті басқармасы, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті өкілдері де қатысты. Тақырып аясында «Магистральдық желі дирекциясы» директорының міндетін атқарушы Алтынбек Қабылдин 7 айлық жұмыс есебінен баяндама жасады.
Дирекция бойынша осы аралықта қозғалыс қауіпсіздігінен 110 бұзушылық анықталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төртеуге азайған. Соның ішінде 4 ақаулық жағдайы, 47 жұмыстағы қиыншылықтар, өзге де бұзушылықтар 59 факті. Мал басып кету оқиғалары 40 жағдай, адам басу 25 жағдай, жол апаты 10 факті, жол бойында бөгде заттардың жатуы 6 факті болып тіркелді. Осылай сараптай келгенде, өткен жылға қарағанда қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы 4 пайызға кемігені байқалды. Алайда, жолға мал, адам, көлік шығуынан пойыздардың оқыс тежеу беруі артқан. Мұндай тежеулердің көбісі Шымкент, Алматы, Қарағанды, Қызылорда темір жолында анықталды, – деді А. Қабылдин.
Дирекция басшысы «Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне бөгде адамдардың ықпал етуі» себептерін азайту мақсатында қауіпті телімдерді, станциялық жолдарды қоршау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Мұндай жұмыстар елімізде 21 станцияда жүргізілуде. Алматы – Петропавловск, Астана – Ақтөбе, Алматы – Атырау аралықтарында 79 км телімге қоршау салыныпты. Сонымен қатар былтыр 29 темір жол өткелі күзетілмелі разрядқа өтіп, 10 өткел пойыз келе жатқанын ескертетін бөгет құрылғыларымен жабдықталды. Ең өткір мәселенің бірі қараусыз жүрген үй малдарын пойыз басу жағдайы болып отыр. Еліміздегі 19 743,6 км басты жолдың шамамен 7 мыңға жуығының, яғни 35 пайызының төсемдері малдың жолға шығып кетуіне қарсы бөгеттермен қоршалған. Ал 12,75 мың км жолға малға қарсы қоршау салу үшін шамамен 40 млрд теңге қаржы керек. Компанияда мұндай қаражат бүгінгі таңда жоқ. Сол себепті қоршау жұмыстары жоспарлы тәртіппен әр жылға бөлініп жасалады.
Дирекция директорының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Батыр Котырев мал басу оқиғаларына негізінен фермерлік шаруашылықтар мен жеке мал иелерінің тарапынан көпшілік мақұлдаған нормалар мен мал жаюдың бекітілген ережелерін сақтауға немқұрайлы қараушылық себеп екендігін жеткізді.
Сондай бейқамдықтың кесірінен жолға залал келеді. Бұл пойыздардың тоқтауына, кешігуіне, локомотивтер мен вагондардың бүлінуіне, жүктер мен жолаушылардың өз уақытында тиісті жерге бармауына әкеп соғып, ең бастысы қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Ұлттық компания тарапынан, соның ішінде біздің дирекция бойынша мал басып кету оқиғаларын азайту үшін жан-жақты жұмыстар жүргізіледі. Өткен 7 айдың ішінде мал жаю және теміржолдан айдап өту ережелерімен 83 509 адам қайта таныстырылып, желілік тәртіп сақшыларымен бірге 1283 рейд жүргізілген және әкімдіктерге бірлесе жұмыстану туралы 1807 хат жолданған, 144 мақала басылым беттерінде жарияланып, теле радио бойынша 30 рет үндеу сөз айтылған. Сонымен қатар 415 км жолдың малға қарсы қоршауы жөндеуден өткен. Соған қарамастан бұл жағдай әлі де өзектілігін жоймай тұр, – деді Б. Котырев.
Ал адам басу оқиғалары былтырғыдан 39 пайызға азайған. Бұл жағдайға азаматтардың теміржол көлігінде жүру ережелерін жетік білмеуі, белгіленбеген теміржол телімдерін кесіп өтулері, ішімдікке тоя мас болуы, өздеріне өздері қол жұмсауы себеп болады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан теміржолдарында көп орын алған.
Қатысушылар еліміздегі көптеген станциялардың, жол телімдерінің қоршаусыздығы азаматтардың темір жолдан кез-келген жерден кесіп өтуін тоқтатпай отырғандығын алға тартты. Жергілікті билікпен бірге теміржол бойларындағы жолаушылар өткелдерін абаттандыру, көпірлер мен тоннельдер құрылысы, жол өтпелерін салу мәселесі шешілмей отыр. Жол көлік оқиғаларының басым көпшілігі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Маңғыстау темір жолында орын алатындығы айтылды. Мұнда да оқиғаларға автокөлік жүргізушілерінің жол ережелерін өрескел бұзуы, жол белгілеріне көңіл бөлмеуі, теміржол өткелдерінде аса мұқият болмауы себеп болады.
Бүгінгі таңда компания қаржы жетіспеушілігінен өткелдердің бәрін бірдей УЗП жүйесімен жабдықтай алмай отыр. Содан ЖҚЕ бұзушыларына да айыппұл төмен көлемде салынады. Қазақстан бойынша барлығы 1002 теміржол өткелі болса, 431 өткелде кезекші бар да, 571 өткелде жоқ. Отырыста сондай-ақ жол бойында бөгде заттардың жатуы, теміржол материалдарының қолды болуы жайы айтылды. Жалпы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуы деректерін сараптағанда, профилактикалық жұмыстар әр өңірде әр түрлі екені анықталды.
Кеңейтілген отырыста осы мәселелерді айта келе теміржолшылар өз тараптарынан қауіпсіздік үшін жасалып жатқан ауқымды шараларға қарамастан аталған пункттер бойынша көрсеткіштердің төмен болуы бұл істе мемлекеттік органдардың да белсенділігі қажет етілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар кейбір бұзушылықтарға байланысты жауапкершілік бойынша ҚР Заңнамаларына өзгерістер енгізу қажет. Отырыста көтерілген осы және басқа мәселелердің шешу жолдарына байланысты ұсыныс тілектер хаттамаға енгізіліп, тиісті орындарға жолдануы мақұлданды.
Райхан Рахметова, Астана
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар