Алғашқы демонстрациялық контейнерлік пойыз Цзяочжоудан (ҚХР) Копер портына (Словения) Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жол тартты, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жеткізу мультимодальды тасымалдау принципі: теңіз және теміржол көлігі бойынша ұйымдастырылған. Пойыз құрамында электромобильдер тиелген контейнерлер бар.
Пойыз қазақстандық Алтынкөл станциясы, Ақтау порты, Алят порты (Әзірбайжан), Беюк-Кясик (Әзірбайжан), Гардабани (Грузия), Поти порты (Грузия), Стамбұл (Түркия) және одан әрі Словенияға дейін жүріп өтті. 13 мың км астам қашықтық 45 күнде еңсерілді.
Қазақстан бойынша тасымалдауды «KTZ Express» АҚ ұйымдастырды.