Достық станциясынан Қытайға 78 мыңнан астам вагон жүк жөнелтілді

Жүк тасымалы
14.07.2023, 09:00
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осы аптада «Үрімші темір жолы» ЖШҚ делегациясы Достық станциясына келіп, қазақстандық теміржолшылармен кездесті. Жиын барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на қарасты Достық станциясының ұжымы мен аталған делегация арасында екі елдің жүк тасымалына қатысты келіссөздер жүргізілді.

Кездесу кезінде шекара маңындағы темір жол жұмыстары бойынша 2023 жылдың 6 ай қорытындысы шығарылып, халықаралық жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды. Нақтырақ айтқанда, «Үрімші темір жолдары» ЖШҚ халықаралық ынтымақтастық бөлімі бастығының орынбасары Бай Лу мен Қазақстан тарапынан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүктермен коммерциялық жұмыстар департаментінің директоры Болат Сүлейменов екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері туралы ойларын ортаға салды. Іс-шараның бірінші күнінде үрімшілік делегация өкілдері Достық станциясын аралап, терминалдар жұмысымен танысса, келесі күні қазақстандық теміржолшылар Алашанькоу станциясына барып, ол жақтың да терминалдарын көрді. Екі жақ биылғы бекітілген жоспарды өз уақытында және артығымен орындауға дайын екендіктерін жеткізді.  

– Достық станциясынан Қытайға экспортталатын жүктер бойынша жоспарда 77147 вагон болса, іс жүзінде 78048 вагон жөнелтілді. Оның ішінде 54606 вагон – Қазақстаннан тиелген, 23442 вагон – транзиттік жүктер. Биылғы 6 айда өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда экспорттық жүктердің өсімі байқалады. Сонымен қатар импорттың да көлемі артты. Барлық міндеттер осы тасымал үдерісіне қатысы бар мекемелер қызметкерлерінің ұйымшылдығының арқасында сәтті орындалып отыр, – дейді Достық станциясының бастығы Мақсат Мәмбетқұлов.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды