Қыркүйекте темір жол желісімен 1,1 млн тонна астық тасымалданады

Жүк тасымалы / Инфографика
22.09.2023, 09:52
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ұлттық компаниясы тасымалды жоспарлау кезінде уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген жоспарлау қағидаларын басшылыққа алады. Жүк тасымалдау негізгі жоспар бойынша жүзеге асырылады. Ол он бес күн бұрын жүк жөнелтушілер тарапынан келіп түскен жүк тасымалына қатысты өнімдер негізінде құрылып, орындалады.

Ал ҚТЖ желісі мен көрші елдердің инфрақұрылымдық мүмкіндіктері болған кезде қосымша жоспар беріледі. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Владимир Петров төрағалық еткен онлайн режимде болған астық тасушылармен, салалық қауымдастықтармен кеңесте айтылды.  

Биыл қыркүйек айында магистральдық желінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, негізгі және қосымша жоспарлармен 1,1 млн тонна астық тасымалдауға қабылданды. Орындау 37% құрады. 370 мың тонна ұнтақ өнімдерін тасымалдау жоспарланған. Орындау 45% құрады. Қазан айында астық тасымалдаудың негізгі жоспары 1,3 млн тонна, ұн шамамен 400 мың тонна көлемінде келісіліп отыр, мүмкіндіктер пайда болған кезде қосымша жоспар жасалатын болады. Жыл соңына дейін ай сайын 1 млн тонна астық тасымалдауға әзірлік бар, жыл қорытындысы бойынша болжам – 12 млн тонна, оның ішінде экспортқа – 10 млн тонна. Өзбекстан бағытында экспорт 5 млн тонна, ал ҚХР-ға 1,5 млн тоннадан асады.  

Осы ретте ҚХР-ға астық тасымалы 4 есеге артып, 1,1 млн тоннаға жеткенін атар едік. Қытай тәулік сайын астық таситын көліктерде бір құрамды, жабық вагондарда бір құрамды және контейнерлерде бір құрамды қабылдайды.  

Кеңес барысында осы жылдың сегіз айында кірме жолдарда контейнерлермен тиеу және түсіру жұмыстары кезінде 2,4 мыңнан астам фитингілік платформалардың зақымдануы анықталғаны атап өтілді. Осыған байланысты тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап контейнерлерді тиеу және түсіру, техникалық және технологиялық жағдайлары мен жабдықтары бар станциялардың кірме жолдарында жүзеге асырылатын болады.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды