Тұрғындар үшін көмірді тасымалдау вагондармен толық көлемде қамтамасыз етілуде

Жүк тасымалы
28.09.2023, 20:13

Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы қажеттіліктер үшін көмір тасымалдау "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да ерекше бақылауда. Қатты отынды тиеуге арналған вагондар бірінші кезекте беріледі. 

Өңірлерде көмір жеткізу жүк алушылардың өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Республика бойынша жылжымалы құрамды берудегі даурықпалар мен үзілістер тіркелген жоқ.  

2023 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін республика бойынша 3,2 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір, оның ішінде Ботақара станциясынан 17,6 мың тоннасы тасымалданды. Оның 7,6 мың тоннасы немесе 43% станциядан тұрғындар үшін, қалғаны-өнеркәсіптік кәсіпорындарға жеткізілді.

Жыл сайын Қарағанды облысының Ботақара станциясы разрездерінен коммуналдық-тұрмыстық көмірді темір жол көлігімен тиеп-жөнелту үлесі тасымалдардың жалпы көлемінің 0,005% құрайды. Станциядан көмір Кузнецкий және "SatKomir" МК" АҚ разрездерінен жөнелтіледі. Ағымдағы жылдың қыркүйегіне разрездерден 14,1 мың тонна қатты отын жөнелту жоспарланған, қыркүйектің 27 күнінде 11 мың тонна жөнелтілді. Қазіргі уақытта станцияда көмір тиеуге арналған 65 вагон бар. Жүк жөнелтушілерден басқа өтінімдер түскен жоқ.  

Коммуналдық-тұрмыстық көмірді тасымалдау вагондармен толық көлемде қамтамасыз етілуде. 

Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады