Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы өсім көрсетуде

Жүк тасымалы
26.06.2024, 14:51
Оқуға 2 мин

2024 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан мен Қытай арасында жүктерді тасымалдаудың оң қарқыны байқалды. Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4% ұлғайып, 12,8 млн тоннаны құрады. Оның ішінде ҚХР бағытында қазақстандық жүктердің экспорты 1 млн тоннаға, яғни 5,7 млн тоннаға дейін өсті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Металл кені 37 мың тоннаға (3,3 млн тонна), көмір 79 мың тоннаға (82,5 мың тонна), қара металл 296 мың тоннаға (447 мың тонна), мұнай 90 мың тоннаға (125 мың тонна), химиялық жүк 21 мың тоннаға (43 мың тонна) өсті. Ұнтақ өнімдерінің (282 мың тоннаға дейін) және түсті металдардың (279 мың тоннаға дейін) экспорты 50% артты.

Осы жылдың 5 айында 81,3 мың тонна өсімдік майы тасымалданды, бұл 2023 жылдың ұқсас көрсеткішінен 28% артық.  

Теміржол тасымалы - Қазақстан мен Қытай, сондай-ақ ҚХР мен Еуропа арасындағы жүктерді әкету мен әкелудің ең сенімді де қауіпсіз тәсілі. Елдер “Бір белдеу, бір жол” бастамасы аясында ынтымақтасады. Республика арқылы автотехника, тоқыма, құрылыс материалдары, өсімдік майлары, металл кені, химиялық құралдар мен медициналық жабдықтары бар вагондар өтеді. Жүктер Қазақстан - Қытай шекарасының Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас теміржол өткелдерінде өңделеді, жалпы тасымалдау қуаты жылына 28 млн тонна.  

Бақты-Чугучак үшінші теміржол өткізу пункті іске қосылған кезде Қытай мен Қазақстан арасындағы тасымалдау көлемі жылына 48 млн тоннаға дейін өседі. Еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту үшін ҚТЖ 1300 км жаңа темір жол салады, оның ішінде биылғы жылы Достық - Мойынты екі жолды желісі пайдалануға беріледі, бұл учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге арттырады.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды