ҚТЖ астық тасымалы үшін локомотив паркін ұлғайтуда

Жүк тасымалы
27.08.2024, 12:43
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

 

Астық жүктерін тасымалдауды қамтамасыз ету үшін ҚТЖ-да жылжымалы құрамның саны жеткілікті. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС инвентарлық паркінде 1,6 мыңнан астам локомотив бар. Бұл туралы ҚТЖ-да өткен брифингте "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Саламат Әбжалиев айтты.

Оның айтуынша, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-і 2023 жылы 112 локомотив сатып алған. 2024 жылы 185 бірлік локомотив сатып алу жоспарланған, соның ішінде 119 бірлігі жеткізілген.  

«2029 жылға дейін 374 заманауи локомотив жеткізіледі. Сонымен қатар, «CRRC Corporation Limited» қытайлық корпорациядан 100 маневрлік және 100 магистральдық локомотив сатып алынады, аталған келісім бойынша алғашқы локомотивтер Алтынкөл станциясында жұмыс істеп жатыр», - деді С. Әбжалиев.

Сонымен қатар ол 2024-2025 жылғы астық науқанына дайындық аясында маневрлік локомотивтер паркін ұлғайту шаралары қолға алынғанын айтты. Жыл басынан бері «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ зауытында құрастырылған ТЭМ-11А 0015 және ТЭМ-11А 0016 сериялы 18 заманауи маневрлік тепловоз әкелінген. Бұл локомотивтер Астана, Жаңа-Есіл және Жезқазған деполарының паркін толықтырған.

«Астық тасымалдау бойынша көшбасшы Қостанай және Ақмола жүк тасымалдау бөлімшелері маневрлік локомотивтермен толық қамтамасыз етілген. Бұл шаралар астық тасымалы жоспарларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ете отырып, негізгі темір жол учаскелеріндегі маневрді айтарлықтай жақсартады», - деді ол.

Айта кетсек, елімізде 16 мыңға жуық жабық вагон бар. Оның 32% астамы «Қазтеміртранс» АҚ-ға, қалғандары жеке қазақстандық және шетелдік операторларға тиесілі. Астық тасымалдаушылардың жалпы паркі 11,8 мыңнан асады. Оның 2%-і «Қазтеміртранс» АҚ, қалғаны жеке операторларға тиесілі. Бұл барлық келісілген тасымалдау жоспарларын орындау үшін жеткілікті көрінеді.  

Сондай-ақ астықты үздіксіз тасымалдау үшін станция қызметкерлерінің штаты ұлғайтылған. Әсіресе Ақмола өңірінің Көкшетау, Бауман, Тальщик станцияларында қосымша жүктерді қабылдап тапсырушылар тартылған. Қостанай өңірінің Қостанай, Құсмұрын және Сарыкөл станцияларына жүктерді қабылдап тапсырушылар, пойыздарды құрастырушылар және тауар кассирлері жұмылдырылыпты.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты