Жамбыл өңірінде көмірге сұраныс әлі де бар

Жүк тасымалы
15.10.2024, 10:19
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл өңірінде жылу беру маусымы басталды. Жылдан-жылға табиғи газбен жылытуға көшкен бюджеттік мекемелер мен жеке тұрғын үйлер саны арта түскенімен, әлі де қатты отынға сұраныс бар.

Биыл облыста бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтарын 61,3 мың тонна көмірмен қамтамасыз ету жоспарланған. Ал халықтың күзгі-қысқы маусымда жоспарлы көмір отынын тұтыну көлемі 144,8 мың тоннаны құрайды.  

Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың айтуынша, жылыту маусымы кезеңінде бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтары үшін жоспарланған 61,3 мың тоннаның 52 мың тоннасы немесе 85 пайызы жеткізілген. Тұрғындар 55 мың тонна көмірмен қамтылған. Бұл – күзгі-қысқы кезеңде жамбылдықтар тұтынатын қатты отын көлемінің 38 пайызы.  

– Осы жылыту маусымында халық тұтынатын 144,8 мың тонна көмірді 2025 жылдың сәуір айына дейін кезең-кезеңімен жеткізу жоспарланған. Облыста көмір сатумен 31 нарық субъектісі айналысады, олардың 25-і өңірлік операторлар. Қазіргі таңда көмір тұйықтарында 13 мың тонна көмір бар. Көмір тиелген жүк вагондары тұрақты келуде. Көмір тапшылығы жоқ, – дейді Ғалым Исабайұлы.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – Жамбыл ЖТ бөлімшесінің директоры Айдын Сеитбенбетов қазіргі уақытта бөлімшеге қарасты 11 станцияда 306 вагон, 83 837 тонна көмір бар екенін айтады. Тасымалданған қатты отынға тапсырыс берушілер – «Авангард Ко», «ТМЗ», «СК Еврадор» кәсіпорындары, «Иманалиев» және «Мұсатай», тағы да басқа жеке кәсіпкерліктерімен бірге Жамбыл жүк тасымалы, Жамбыл магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты құрылымдар.  

Жалпы облыста Шұбаркөл, Қаражыра маркалы көмірлердің бағасы сортына қарай 18-24 мың теңгені құрап отыр. «А» нүктесінен «Б» нүктесіне дейінгі, яғни ауылдарға дейінгі арақашықтығын ескерсек, жеткізу құны есебімен 21-27 мың теңгеге жетеді. Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында көмір сатумен айналысатын теміржол тұйықтары бар, нарық субъектілері жоқ. Бұл өңірлердің тұрғындары көмірді Тараз және Шу қалаларынан сатып алады.  

 

Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды