Қараша айында ҚТЖ желісі бойынша 1,4 млн тоннадан астам биылғы астық тиелді

Жүк тасымалы
02.12.2024, 12:30
Оқуға 2 мин

Қараша айында ҚТЖ желісі бойынша 1,4 млн тоннадан астам жаңа науқан  астығы  тиелді, бұл алғаш рет тіркелген осындай айлық астық тасымалдау көлемі болып отыр,  оның ішінде республикаға  — 350 мың тоннасы, ал экспортқа — 1 млн тоннадан астамы жөнелтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Биылғы маркетингтік жыл ішінде (қыркүйектен қарашаға дейін) астық тасымалы 3,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға артық. Жаңа егіннің астық экспорты 2,9 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 51%-ға артық болып отыр. Экспорттың негізгі бағыттары оң динамиканы көрсетуде: Орталық Азия елдеріне өсім 35%-ді құрап, Ауғанстанға тиелім 58%-ға ұлғайған. Иран бағытындағы тасымалдар өткен жылғы 14 мың тоннаға қарағанда 356 мың тоннаға дейін өскен. Қытайға қабылдаушы тараптың қуаттылығына сәйкес 445 мың тонна жөнелтілді.

ҚТЖ РФ бағытында, сондай-ақ екі айда 104 мың тонна жөнелтілген Әзірбайжан сияқты жаңа нарықтарға дәнді дақылдардың кедергісіз шығуын қамтамасыз етіп отыр.  

Үкіметтің ел ішінде астықты көшіру есебінен элеваторларды босату жөніндегі алға қойып отырған міндеттері  толық көлемде орындалуда,  үш айда +29% өсіммен 793 мың тонна тасымалданды. Негізгі тұтынушылар – елдің оңтүстігіндегі ұн тартатын кәсіпорындар, одан кейін құс фабрикалары мен басқа да астық өңдеушілер болып отыр.  

Жылжымалы құрам жеткілікті, тарту ресурстары жөнелтушілердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыр.  Астық штабтары мен топтары тәулік бойы жаңа дақылдың астық шығарылуын бақылауда.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды