12 наурыз күні Астанада ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Ғаламдық байланыстар хатшылығының Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсонмен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін және серіктестіктің болашақ перспективаларын талқылады.

Шаққалиев министрлік ЭЫДҰ стандарттарына бейімделіп, халықаралық тәжірибелерді енгізіп жатқанын атап өтті. Кездесуде ТХКБ дамуы мен ЕО-ның «ТХКБ бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасына ерекше назар аударды.