Қазақстан бидайы контейнерлік пойызбен Вьетнамға экспортталды

Жүк тасымалы
18.06.2025, 13:17
Қазақстан теміржолшысы

Жоғары сапалы қазақ бидайы тиелген транзиттік контейнерлі пойыз Қытайдың Ляньюньган портына келіп жетті. Бұл – Вьетнамға арналған және “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” жіберген сегіз құрамның алғашқысы. Жеткізу мультимодальды бағыт бойынша жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржол құрамы жалпы салмағы 1,7 мың тоннаны құрайтын 62 контейнерден құралған. Контейнерлер теңіз кемелеріне қайта тиелгеннен кейін, бидай Вьетнамның Хайфон портына жеткізіледі.

Қазақстан астығының Вьетнамға сәтті жөнелтілгені туралы Қытайдың орталық телеарнасында және Қытай халықаралық тележелісінде арнайы сюжеттер көрсетілді.

Қытайлық БАҚ атап өткендей, Ляньюньган портындағы логистикалық база «бір контейнер – бір сервис» қағидасымен жұмыс істейді. Бұл модель бойынша жүктің бастапқы нүктеден соңғы межеге дейін қайта тиеусіз бір контейнерде жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Осы технологияның арқасында теміржолдан теңіз портына өту уақыты небәрі бір сағатқа созылды. Сонымен қатар, қазақстандық бидай барлық рәсімдер жедел түрде жүргізілетін «жасыл дәліз» арқылы жеткізілді.

– «Бастапқы нүктеден соңғы межеге дейін бір контейнерде жеткізу» форматы Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған қазақстандық экспортқа сапалы әрі тиімді құрлықтық-теңіздік интермодальды қызмет көрсетуді қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, біздің логистикалық базамыз кеден, порт, теміржол және басқа да ведомстволардың қолдауына ие болды. Соның нәтижесінде порттағы жүктің рәсімделу тиімділігі 70%-ға артты, – деп келтіреді БАҚ Ляньюньган қаласындағы Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасының бас директоры Гэ Хэнсюэнің сөзін.

Айта кетейік, алғашқы бидай партиясы Ақмола облысындағы астық қабылдау кәсіпорындарында дайындалған. Жалпы, Вьетнамға шамамен 15 мың тонна азықтық бидай жөнелтіледі деп жоспарлануда.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Жүнішевтің айтуынша, жаңа логистикалық бағыттар қазақстандық аграршылар үшін алыс шетел нарықтарына шығуға жол ашып отыр.

– Қытайлық әріптестермен бірлесіп құрылған инфрақұрылым бүгінде нақты нәтижесін көрсетуде – бұл тұрақты және жедел жеткізілім. Бұл – еліміздің экспорттық әлеуетін дамытудағы маңызды қадам, – деді корпорация басшысы.

Жыл басынан бері “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” экспортқа 196 мың тонна астық жөнелтті. Ең ірі партиялар Солтүстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Иран нарықтарына жіберілді.

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда