Қазақстан Вьетнамға бидайды тікелей контейнер ауыстырмай жеткізді

Жүк тасымалы
10.09.2025, 12:09
Оқуға 1 мин

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Кедентранссервис» АҚ 2025 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін «Форт» ЖШС және жүк жөнелтуші «Продкорпорация» ҰК» АҚ-ның қатысуымен Қазақстанның солтүстік өңірлерінен 10 пойыз бидайды кешенді түрде тасымалдауды ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жеткізу бағыты – Ақкөл, Азат, Көкшетау станцияларынан Қытайдағы Ляньюньган порты арқылы Вьетнамның Хайфон портына дейін. Жалпы тасымал көлемі 17 000 тонна дәнді дақыл болды.

Жобаның негізгі ерекшелігі – ҚХР порттарында контейнерлерді ауыстырмай тасымалдаудың жүзеге асуы. Дәстүрлі тәжірибеде теміржол контейнерлері теңіз контейнерлеріне қайта тиеп салынады. Ал бұл жолы жүк жөнелту станциясынан соңғы портқа дейін бір контейнерде жеткізілді.

Мұндай тәсіл өнімнің сапасын жоғалтпай сақтауға, қайта тиеу операцияларын болдырмау арқылы жеткізу мерзімін қысқартуға және логистикалық шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге бұл тасымал үлгісі қазіргі заманғы инфрақұрылымның тиімділігін және Қазақстанның Еуразиядағы маңызды көлік торабы ретіндегі әлеуетін дәлелдеді.

Компания атап өткендей, жобаның сәтті жүзеге асуы Оңтүстік-Шығыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарықтарында отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жаңа экспорттық мүмкіндіктер ашып отыр. Бұл өңірде дәнді дақылдарға деген сұраныс тұрақты түрде өсуде.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды