Көмір тасымалы қарқын алды

Жүк тасымалы
06.10.2025, 12:23
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Биыл оңтүстік өңір – Жамбыл жеріне алғашқы қар ерте түсті. Қазан айы басталмай жатып, ауа райы күрт құбылып, күн желкем тартып тұр. Осыған байланысты өңірдегі әлеуметтік нысандарға екі апта бұрын жылу беріле бастады.  

Қысқы маусымда өңірде 9 жылу энергетика кешені мен 593 автономды қазандық штаттық режимде іске қосылып, 1737 әлеуметтік маңызы бар нысан мен 1700-ге жуық көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. 15 қазанға дейін Тараз қаласы толықтай жылу беру маусымына көшеді. Өткен маусымда автономды қазандықтар 61,3 мың тонна, өңір тұрғындары 144,8 мың тонна көмір тұтынған болатын. Мамандар жылу беру кезеңінде қатты отын тапшылығы орын алмағандықтан, жасалған болжам бойынша биылғы тұтынатын көмірдің көлемі осыған шамалас болатынын айтады. Әзірге жылу өндіру және тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар мен қатты отынды тасымалдап-сатушылардың тапсырысы былтырғыдай көлемде сақталып отыр.  

Қалай десек те, қатты отынға сұраныс кеміген жоқ. 1 қазанға дейін бөлімшеге қарасты 9 станцияға 840 вагон, 59 мың тоннаға жуық көмір тасымалдаған.

 – 30 қыркүйекке дейін Шу станциясына Қызылжар, Дегелең, Қияқтыдан 259 вагон, 17 796 тонна көмір жеткізілді. Қатты отынды тасымалдап-сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлік нысандардан бөлек ТЧЭ-30, ПЧ-50, сонымен қатар ПЧМ, ВП-36 құрылымдық мекемелеріне 5 вагон, 345 тонна тапсырыстар бар. Таразға Қызылжардан жөнелтілген 14 вагон, 937 тонна көмірдің 4 вагон, 276 тоннасы ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосына, 1 вагон, 69 тоннасы Жамбыл ЖТ бөлімшесіне келіп жетті. Филиалдың тапсырысымен Маймақ станциясына тағы 1 вагон, 69 тонна, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты ПЧ-52 жол дистанциясына – 2 вагон, 138 тонна, ЭЧ -21-ге 3 вагон, 138 тонна қатты отын тасымалданды. Жалпы қазір Маймақта 61 вагон, 4154 тонна көмір бар, – дейді Жамбыл ЖТ бөлімшесі логистика бөлімінің бастығы Әнуар Үркімбаев.

Биылғы тапсырыстар бойынша қатты отынның басым бөлігі Қызылжар, Қияқты, Дегелеңнен тасымалдануда. Тек Мыңарал станциясына ғана Қарабас пен Екібастұздан 273 вагон, 19 110 тонна көмір жеткізіліпті. Қалған Жаңатас, Бурыл, Сарышаған, Түрксіб, Бірлік станцияларына жөнелтуші тарап – осы аталғандар.  

Негізінен Тараз қаласында жылу өндіру және тасымалдаумен айналысатын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Жылу маусымында олар 1780 нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Ал өңірде көмір сатумен айналысатын 30-дан астам нарық субъектісі бар. Мәліметке сүйенсек, бүгінге дейін Тараз станциясына жеткізілген 9 вагон, 592 тонна көмірдің тапсырыс берушілері – «Авангард Ко» ЖШС мен Иманалиев жеке кәсіпкерлік нысаны.

Бөлімше басшылары көмір тасымалы әлі де жалғасатынын жеткізді. Ал ел арасындағы есепшілер биыл қыс ерте келіп, қаһарына мінеді деген болжам айтуда. Сондықтан ауа райына қарай көмірге сұраныс артуы да мүмкін.  

 

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды