Оңтүстіктен батысқа 5 вагон шөп жөнелтілді

Жүк тасымалы
16.07.2021, 12:14
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазір Маңғыстау өңірінде жем-шөп алтыннан да құнды дүние болып тұр. Құрғақшылықтың салдарынан талғажау етіп отырған бір-екі тұяқтың көтерем болып жатқанына құлазыған халыққа қандай көмек болса да артық емес. Сондықтан мал азығын жеткізу жайы түбекте басты мәселенің біріне айналған. Оған түбектік теміржолшылар да үлесін қосуда. Аймаққа өзге өңірлерден қолдау ретінде жіберіліп және кәсіпкерлер жеткізіп жатқан жем-шөптің теміржолмен жедел тасымалдануына атсалысуда. – Күні кеше еліміздің оңтүстігі- нен теміржолмен маңғыстаулық шаруаларға 5 вагон шөп жолға шықты. Оны Сарыағаштың азаматтары демеушілік көмек ретінде жіберіп отыр. Сол жүктің халыққа жылдам жетуі үшін біздің тарапымыздан да тиісті іс-шаралар жасақталуда. Бұл вагондар Маңғыстау, Өзен, Жетібай, Бейнеу, Шетпе станцияларына жеткізіледі. Қазір Шымкент пен Қызылорда облыстарында жүк пойыздарымен келе жатқан жүктің маршрутын қадағалап отырмыз, кідіріске жол бермеуге тырысудамыз, – деген Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі Маңғыстау қосалқы бөлімшесі директоры- ның бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов дәл қазір Маңғыстау, Бейнеу, Шетпе станцияларында жеке кәсіпкерлердің де 3 вагон кебек пен шөбі түсіріліп жатқанын айтады. Директор орынбасарының сөзі- не сүйенсек, бұдан басқа тағы да осындай 6 вагон жүк Маңғыстауға қарай бет алыпты. Оның бәрі, яғни мал азығы ретінде түбекке жіберілген жүктердің кідірістерге тап болмай, әдеттегі уақыттан тезірек жетуі түбек теміржолшыларының жіті назарында. Еске сала кетсек, теміржолдың мұндай қолдауының арқасында өткен айда да біраз вагон жем-шөп Маңғыстаудың станцияларына түсіріліп, шаруа қожалықтарына жол тартқан еді. Оның ішінде жеке кәсіпкерлерге, мекемелерге, жеке адамдарға келгеннен бөлек «Каспий» ӘКК» АҚ-ның «Азық-түлік Корпорация» АҚ-мен келісімшарты негізінде арзан бағамен жеткен он вагон арпа да болатын.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті