Қыс маусымына дайындық: 2602 ғимарат жөндеуден өтті

Инфрақұрылым
08.11.2022, 09:42
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қыс шанасын жаз сайлайтын» теміржолшылар биыл да қатал маусымға дайындықты шіліңгір шілдеде бастап, күзгі байқаумен қорытындылап отыр.  

«Компанияда алдағы қыс маусымына дайындық маусым айының соңын ала басталды. 2022-2023 жылдардың қыс маусымына шаруашылықтар мен кадрларды дайындау бойынша іс-шаралар кешені әзірленіп, теміржол көлігі шаруашылықтарының нақты дайындығын тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірінші басшыларының төрағалығымен алты комиссия құрылды. Олар еліміздің барлық өңіріне барып, шаруашылықтарды тексерді, теміржолшылармен, жергілікті тұрғындармен кездесті», – дейді Магистральдық желі дирекциясының Инфрақұрылым қауіпсіздігі департаментінің директоры Серік Айқынбеков.  

Оның айтуынша, шаруашылықтар мен кадрларды қысқы кезеңде жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес теміржол мекемелерін техникалық, ал қызметкерлер мен зейнеткерлерді тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету 100% жүзеге асырылған. Сонымен қатар ұзындығы 41,4 км жылу трассаларына ағымдық жөндеу жүргізіліп, 100 қазандық жабдығы дайындалған. Сондай-ақ, 2602 ғимарат ағымдық жөндеуден өткен. Сондай-ақ, 265 бірлік қар жинайтын және қар тазалайтын техникалардың бірқатарына қызмет мерзімін ұзартумен күрделі жөндеу жүргізіліп, енді біреулеріне деполық және күрделі жөндеу жұмыстары жасалған. Рельсте жүретін барлығы 193 бірлік көлік құралы дайындықтан өткен. Бүгінде жұмыскерлер қысқы арнайы және аяқ киіммен толық қамтамасыз етіліп, алғаш «қыстаушы» 2475 қызметкер дайындықтан өткен.  

Бұл атқарылған жұмыстар теміржол инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етумен қатар жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалыс қауіпсіздігіне де оң ықпалын тигізеді деген сенім бар.  

 

Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды