Атырау өңірінде жол бойындағы құрылғыларды модернизациялау қарқынды жүріп жатыр

Инфрақұрылым
20.01.2023, 11:12
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясы Атырау-Мақат, Мақат-Сағыз теліміне қызмет көрсетеді. 19 станция, 15 өткел және 5 диспетчерлік айналымды қамтитын 300 шақырымға жуық жол бойында құрылғыларды модернизациялау қарқынды жүріп жатыр.

Өңірде «Тальго» жүрдек пойызының жүруіне орай Мақат станциясының екі жағынан, Жамансор, Мұқыр, Жантерек, Ескене және Теңдік станцияларында қорғалатын, күзетілетін, автошлагбаумы бар барлығы 7 өткел салынды. Дистанция бастығы Айбек Жолдасовтың айтуынша, бүгінде қолданыстағы барлық кабель желісінің ұзындығы 481,174 шақырымды құрайды. 15 өткелдің үшеуі ПАШ автошлагбауммен, қалғаны қолмен атқарылатын автошлагбауммен жабдықталған. Барлық өткел жұмысы қадағаланады. Яғни жүрдек пойыз келе жатқанда оның жолын кесу мүмкін жағдайлар болмайды. Мәселен, 1,5 шақырым бұрын басқа жолдардың бәрі жабылып, шағын станцияларда белгі беру құралдары дыбыс бере бастаса, үлкен станцияларда пойыздың келе жатқаны репродуктор арқылы хабарланады. Жолда жұмыс жасап жүрген не басқа да адамдарға пойыздың келе жатқаны туралы ескерту беріледі.  

Өткен жылы дистанция СЦБ, байланыс, КТСМ және радио қондырғыларға техникалық қызмет көрсету бойынша «жақсы» баға алып, ақау болмаған. Осы мерзімде 18 дана СП түріндегі бұрма электржетектері, 122 дана электр қозғалтқыштар жаңасына ауыстырылды. Барлығы 349 бұрма электрлендірілген орталыққа қосылған. Ескене станциясы мен 44-бекетте релелік шкафтар түгел жаңартылды. Бұған дейін 1,475 шақырымға МКПАб-7х-21,2 байланыс кабелі төселген болатын. Пойыз жүріп өту сигнализациясы 140 шақырымға қайта есептелді, пойыз өту үшін маршрутты екі учаскеден бұғаттау, сол аралықта жол монтерлеріне белгі беру қондырғыларын орнату жұмыстары да сәтті жүргізілді.  

2022 жылы дистанция бойынша бағдаршам лампалары жарықдиодты модульдерге алмастырылды. Жұмысшылардың өз күшімен разъездерде ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізіліп, бұрынғы көмірмен жағылатын пештер бұзылып, электр қазандықтарымен ауыстырылды.

Бүгінде дистанцияның аудандық тораптарын қосқанда 26 цехы бар. Олар негізінен станция-разъезд басында. 19 станцияның бәрі де электрлендірілген орталыққа қосылған. Өңірде барлық қызметтер цифрландыруға көшуіне байланысты Ақжайық және Мақат станциялары ЛАЗ жүйесі модернизацияланып, Raisecom RS3000-15 жүйесіне – яғни жабдықтардың жағдайы мен апатты жағдайларды шынайы көрсетіп отыратын және оларды қашықтан басқара алатын жүйеге көшті. Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүріп бара жатқан қозғалмалы құрамның техникалық жағдайына автоматты бақылау жасайтын КТСМ құрылғысы іске қосылған. Өңірде Сағыз станциясынан Ганюшкино станциясына дейінгі жол телімі ВОЛС желісіне қосылып, мұнда да ақпаратты үлкен көлемде және шұғыл беруге жағдай жасалған. Айта кетерлігі, Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясы соңғы 30 жылда еңбек қауіпсіздігі бойынша бірде-бір ескерту алмаған.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті