Түбектің басты теміржол қақпасы жаңарады: құрылыс жұмыстары қарқын алды

Инфрақұрылым
16.01.2026, 09:02
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбектің басты теміржол қақпасы Маңғыстау вокзалын жаңғырту жұмыстары биыл аяқталып, жыл соңына қарай пайдалануға беріледі.

Өткен жылы аймақта үш вокзалдың құрылыс-жөндеу жұмыстары басталған. Мұнайлы ауданында орналасқан, облыс орталығы мен аудандағы халыққа қызмет етіп тұрған Маңғыстау вокзалының реконструкциясы бүгінде қарқын алған. Қазір нысанда құрылыс жұмыстары жедел жүріп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте аудан әкімі Қанат Құлжанов айтып, жұмыстың бүгінгі барысы туралы мағлұмат берді.  

– Бүгінде вокзалдың негізгі ғимаратында металл конструкцияларынан қаңқа орнату жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс алаңында 54 жұмысшы мен 3 техника жұмылдырылған. Жұмыстың өнімділігін арттыру үшін нысанда қосымша жұмыс ауысымы енгізілген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, – деді Қанат Құлжанов.  

Бұл жаңалықты естіген халық әкімдіктің ресми парақшасына осы тақырыпқа қатысты көкейдегі сұрақтарын жолдады. Бірі Маңғыстау станциясындағы теміржол өткелі мен вокзал алдына жерүсті өткелін салу жөнінде ұсыныс білдірсе, енді бірі Маңғыстау станциясындағы теміржол өткеліндегі көлік кептелісін азайту үшін өткелді кеңейту керектігін айтты. Сұрақтар өз жөнімен жауабын тапты. Аталған өткелдегі көлік кептелісін жою мәселесі аудан әкімдігінің жұмыс жоспарында бар көрінеді. Осы өткел байланыстыратын «Маңғыстау-Қызылтөбе» бағытындағы автокөлік жолын қайта жөндеу жобасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған. Жоба 2025-2027 жылдарға арналған инвестициялық жоспарға енгізілген. Демек, теміржол өткеліндегі көлік кептелісі азаятын күн де алыс емес секілді.  

 

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет