Үздік цехтан үйренеріміз көп

Инфрақұрылым
27.12.2019, 10:32
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

 Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының ұйымдастыруымен өңірдің теміржол бойындағы қуат көзіне жауапты мамандары Қандыағашқа жиналды. Осындағы электрмен жабдықтау ауданының ең үздік цехында семинар өтті.

Электр құрылғыларында техникалық құжаттарды жүргізу және заманауи трансформаторлардың мүмкіндігін таныстыруға арналған семинарда теміржол бойы мен станцияларды қуат көзімен қамтамасыз етіп отырған энергетиктер үшін баяндамалардан бөлек, диалогтық байланыс мол болды. Өзара тәжірибе алмасқан мамандар электр цехындағы кездесуді пайдалы етіп өткізуге тырысты.

«Электр цехы – энергия кешеніндегі аса маңызды салалардың бірі. Цех қызметкерлері үлкенді-кішілі генераторлардың, электр жүйелерінің ақаусыз қызмет істеуіне жауапты мамандар жұмыс жасау шеберліктерін тәжірибеде көрсетуді мақсат тұттық», – дейді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Сәкен Орынбаев.

Энергетиктердің негізгі жұмысы электр тогымен тікелей байланысты болғандықтан семинарда еңбекті қорғау мәселесіне көп көңіл бөлінді. Техникалық құжаттармен жұмыс жүргізу ережесі үйретілді. Механиктер құжат толтыру тәртібіндегі тиянақтылық пен мұқияттылық, жауапкершілікті түсіндірді. Техникалық құжаттарды рәсімдеу тәртібі, қозғалыс, еңбек қауіпсіздігінің ережесі қалай сақталатыны және алдағы жұмыс жоспары айтылды.

Сәкен Орынбаев Ақтөбе дистанциясының жылды ақаусыз қорытындылағанын және семинарды жыл сайын әр цехта өткізу дәстүрге айналғанын жеткізді. Бүгінде 1650 км жол бойына қызмет көрсетіп отырған дистанцияда биыл жоспарға сай көптеген жұмыстар атқарылыпты.

«Республикалық көрсеткіште алдыңғы орындарда көрініп, мамандар сыйақыға ілікті. Жыл сайын дистанция бойынша нормативтік-техни калық құжаттаманы білуден шеберлік жұмыстарын өткізу бізде дәстүрге айналған. Тағы бір айтатын жағдай, екіүш жыл бұрын қаржының жоқтығынан материалдық жағдаймызда қиындықтар болды. Биылғы жылы бөлінген қаражат мөлшері ойдағыдай. Жұмысшылардың киімдерінен бастап, кабельдер, қажетті материалдар жаңарды», – дейді дистанция басшысы.

Оның айтуынша, семинардың Қандыағашта өтуі бекер емес. Бұл электрмен жабдықтау ауданы осыдан 10 жыл бұрын капиталдық жөндеуден өткен. Дистанция қызметкерлері одан бері де өз күштерімен уақытылы жөндеу жұмыстарын жасап отыр. Ұжымның кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында 2016 жылы «Ең үздік цех» номинациясын жеңіп алды.

«Биыл қысқа үлкен дайындықпен кірдік. Жылу жүйесі үш учаскеде электрлі жүйеде жұмыс жасауда. Төрт объектінің төбесі қайта жөнделді. Қандыағаш торабы бойынша барлығы 19 трансформаторлы подстанция бар. Оларға жылына 2 рет ревизия жасалады. Қысқы мерзімге жалюздері жабылып, жиі айырыпқосу жасалатын подстанцияларда жылытатын құралдар қосулы. Техникалық құжаттама бір ізге түсіп, дұрыс жолға қойылған», – дейді Қандыағаш электрмен жабдықтау ауданының басшысы Достан Сүлеймен.

Қандыағаш – толық жарықодиодты жарықтандыруға көшірілген дистанциялардың бірі. Онда еліміздегі алдыңғы қатардағылардың бірі болып жарық жүйесі толық ауыстырылған. Семинар барысында орамдарға қалай май құю, тексеру тәртібі үйретіліп, заманауи трансформаторды сынақтан өткізу ережелері көрсетілді. Және шыны құтылармен майды тексеру тәсілі айтылды. Жаңа үлгідегі электронды цифрлық мегометрдың мүмкіндіктері көрсетілді. Оларды қуаттау бұрынғыша батарейкаларды ауыстырып емес, электр көзімен жүргізіледі. Сонымен қатар, электр көзі бұрын тек мегометрмен өлшеніп келсе, қазір мүмкіндіктердің әлдеқайда артқанын көрген шалқарлық энергетиктер ұйымдастырушыларға алғысын айтып, «үздік цехтан үйренеріміз көп екен» десті.

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады