Бурылбайтал станциясының бұйымтайы бар

Инфрақұрылым
29.12.2020, 09:19
Оқуға 3 мин
Асхат Райқұл

Жамбыл облысының төрттен бір бөлігін алып жатқан Мойынқұм ауданының маң даласында Бурылбайтал станциясы орын тепкен. 4-класты бекеттің орналасқан жерін айдаладағы бір мүйіс дерсіз. Мұнда жүк тиеу, түсіру жұмыстары атқарылмайды. Тек күніне Мойынқұм мен Шудың арасына қатынайтын 10-15 пойыздың техникалық қауіпсіздігіне жауап береді.

Шу-Мойынқұм теміржолының бойында жатқан станцияның тыныстіршілігі жайында оның басшысы Шалқыма Құтжановамен тілдескен едік. 

Негізі, Меркі-Бурылбайтал тасжолының жыры көпке мәлім. Жамбыл мен Алматының арасына қатынайтын жұрт мұндағы жолдың азабын жақсы біледі. Соңғы жылдары мұнда қауырт жұмыс қолға алынып, республикалық маңызы бар жол жөнделу үстінде. 

Осы орайда, жол құрылысына қажетті материалдардың дені Бурылбайтал станциясы арқылы өтіп жатыр. Демек, станция қызметкерлерінің де шаруасы жауапкершілікті қажет етеді. 

«Ауылда отыз шақты түтін қалды, көбісі басқа аймаққа қоныс аударып кетті. «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар» демекші, Бурылбайталда жағдай жақсы болса, атақонысты тастап кетер ме еді. Біз де станцияда қызмет еткенімізбен, осы ауылмен ахуалымыз тығыз байланысты. Мәселен, балаларға білім беретін мектебіміз оқушы саны аз деген сылтаумен жабылып қалған.

Енді балаларымыз Шығанақ, Өркен ауылдарындағы мектептерге қатынап оқып жүр», – деп бастады әңгімесін Шалқыма.

Бурылбайталда ауыз су да жоқ екен. «Мөлдір бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы біз жаққа жетпей қалды. 60 тонналық цистернамыз бар. Соны Шу қаласынан суға толтырып әкелеміз. Біршама уақыт ауылды сумен қамтиды сол, бітіп қалса, қайта алып келеміз. Солай күнелтіп отырған жайымыз бар. Қазір жиырма бірінші ғасыр, интернетсіз өмір қиын екенін белгілі. Ал біз интернетке қосылу үшін тау-тасты жағалап, талдың үстіне шығып кетеміз», – деп шағым айтты бурылбайталдықтар.

Ауылдың негізгі күнкөрісі – балық шаруашылығы. Бұл аймақ басқа шаруаға жайсыз көрінеді. Қысы – қатал, жазы ыстық, жері тастақ аймақ егін шаруашылығына да, мал шаруашылығына да ыңғайсыз екен. 

Өйткені, шұрайлы жерді айтпағанда, су тапшы. 

Шалқыма Құтжанованың айтуынша, өткен ғасырдың 80-жылдары бой көтерген станция ғимаратына жөндеу жұмыстары керек-ақ. Былтыр Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі басшылығының нұсқауымен станцияға электр пеші орнатылған. «Содан бері жанымыз кіріп қалды. Ғимаратымыз жылы. Тек жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген тілегіміз бар. Күзгі бақылау кезінде тексеруші комиссия ешқандай кемшілік таппады, барлығы жақсы. Мамандарымыз да білікті, жұмыстарына мығым қызжігіттер», – деді ол. 

Станцияның қызметкерлерінің кейбірі көрші ауылдардан ШуМыңарал қаламаңына қатынайтын «Спутник» пойызымен қатынап жұмыс істейді екен. Бірақ сол жұмысқа ары-бері қатынайтын жолақысының өзіне жарты жалақылары кетіп қалатын көрінеді. 

Бурылбайталдың бір бұйымтайы осы. Неге теміржолшыларға қала маңы қатынасын тегін етпеске деген ұсыныстары да орынды деп білеміз.

Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат